Жолдағы өшіп қалған бүтін сызықты кесіп өткенде айыппұл салына ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолдағы өшіп қалған бүтін сызықты кесіп өткенде айыппұл салына ма? DALLE

Қазақстан жолдарында уақыт өте келе өшіп қалатын, анық емес немесе мүлде көрінбейтін жол белгілері жиі кездеседі. Көп жүргізуші осындай жол белгісін байқамағандықтан бұрылыс немесе кері бұрылыс жасап, кейін айыппұл алып немесе тіпті жүргізуші куәлігінен айырылып жатады. Бірақ егер сызық анық көрінбесе ше? Жазадан құтылуға бола ма және қалай? Бұл мәселені Tengri Auto зерттеп көрді.

Бүтін сызықты кесіп өту салдары

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес, егер жүргізуші қос немесе жеке үздіксіз таңбалау сызығын кесіп өтіп, қарсы жолаққа шықса, ол 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Таңбалау сызығы өшіп қалған жағдайда жазадан құтылу мүмкін бе?

Иә. ӘҚБтК-нің 741-бабы 2-бөлігіне сәйкес, егер жол белгісі:

  • өшіп қалған болса,
  • анық көрінбесе,
  • немесе ГОСТ талаптарына сай келмесе,

онда бұл жағдайда құқықбұзушылық құрамы жоқ деп танылып, іс жүргізу тоқтатылуы тиіс.

Сызық анық көрінбегенін қалай дәлелдеуге болады?

  • Сурет және видео түсіріңіз.
  • Уақыт белгісі бар қосымшаны пайдаланып, түсірілімнің күні мен орнын растаңыз.
  • eOtinish арқылы шағым түсіріңіз – дәлелдерді тіркеп, әкімшілік істі тоқтатуды талап етіңіз.

Айыппұл салынып қойса не істеу керек?

Егер сізге өшіп кеткен жол белгісін кесіп өткені үшін айыппұл салынса немесе жүргізуші куәлігінен айырылсаңыз, қаулыға 10 күн ішінде шағымдануға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети