Жұмыс берушінің кінәсінен зейнетке шыққанда тиынсыз қалмау үшін нені тексеру керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмыс берушінің кінәсінен зейнетке шыққанда тиынсыз қалмау үшін нені тексеру керек?

Зейнетке шығу – Қазақстандағы әрбір еңбек ететін адамның өміріндегі маңызды кезең. Көп адам үшін бұл кезең алаңдаушылық туғызады, өйткені бұдан кейінгі әл-ауқат деңгейі зейнетақы шотында жылдар бойы жиналған қаражатқа тікелей байланысты. Жұмыс беруші аударымдарды қаншалықты адал аударғанына қарай зейнетақының мөлшері және соған сәйкес еңбек демалысындағы өмір сапасы анықталады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетке шығу – Қазақстандағы әрбір еңбек ететін адамның өміріндегі маңызды кезең. Көп адам үшін бұл кезең алаңдаушылық туғызады, өйткені бұдан кейінгі әл-ауқат деңгейі зейнетақы шотында жылдар бойы жиналған қаражатқа тікелей байланысты. Жұмыс беруші аударымдарды қаншалықты адал аударғанына қарай зейнетақының мөлшері және соған сәйкес еңбек демалысындағы өмір сапасы анықталады.

Зейнетақы дұрыс есептелуі үшін қандай қадамдар жасау керек екені жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Әнел Шенеева айтып берді.

Зейнетке қалай дайындалу керек?

Әнел Шенееваның айтуынша, зейнетке шығуға дайындықты шамамен бір жыл бұрын бастау керек. Бұл уақыт барлық құжатты ретке келтіруге, аударымдарды тексеруге және табылған кемшіліктерді түзетуге жеткілікті болады.

"Зейнетке шығар алдында бір жыл бұрын өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды мұқият тексеру қажет. Негізгі мақсат – жұмыс берушінің барлық жарнаны уақтылы және дұрыс аударғанына көз жеткізу. Егер еңбек қызметінің кейбір кезеңдері есепке алынбаса немесе төлемдер түспесе, зейнетақы күткеннен аз болуы мүмкін", – дейді маман.

Аударымдардың уақтылы жасалғанын тексеру үшін:

  • Egov.kz қосымшасы – "Зейнетақы аударымдары" бөлімі;
  • БЖЗҚ қосымшасы – ЖСН бойынша толық үзінді көшірме арқылы қарауға болады.

"Жылына кемінде бір рет өзіңіз тексеріп отырған өте маңызды. Көбінесе адамдар олқылықтарды тек зейнетке шыққанда біледі. Сонда қайта барып, жұмыс берушімен есеп айырысуға немесе мемлекеттік органдарға жүгінуге тура келеді", – дейді Әнел Шенеева.

Сондай-ақ еңбек кітапшасын тексеру маңызды. Оның негізінде еңбек өтілі есептеліп, жұмыс кезеңдері ескеріледі. Әсіресе, кеңестік және посткеңестік кезеңде жұмыс істегендер үшін бұл өзекті.

"Жазбалар толық болуы керек – жұмысқа қабылданған күні, жұмыстан шыққан күні, ал ұйымдардың мөрлері айқын әрі уақытылы қойылуы тиіс", – деп нақтылайды басқарма басшысы.

Егер тексеру барысында сәйкессіздіктер анықталса, ХҚКО-ға жүгіну керек. Онда кеңесші жазбаларды қарап шығып, қажет болған жағдайда архивке сұрау салуға көмектеседі.

Жұмыс беруші жарналарды аудармаған жағдайда

Әнел Шенееваның айтуынша, мұндай деректер анықталса, жұмыс берушіден жетіспейтін аударымдарды жасауды талап ету қажет.

"Жұмыс беруші бұл аударымдардың қай кезеңге жасалып отырғанын көрсетуі маңызды. Яғни ол бір жолғы соманы аудара алады, бірақ мысалы, төлемдер мамыр–қазан айлары үшін жасалып отыр деп көрсетуі керек. Басқаша айтқанда, жарна аударылмаған айлар үшін. Егер кезең көрсетілмесе, жүйе ол айларды "табы болмаған айлар" деп есептейді. Бұл зейнетақыны есептеу кезінде орташа табысты төмендетеді", – деп түсіндіреді маман.

Жетіспейтін аударымдар туралы талапты жұмыс істеп жүрген кезде де, жұмыстан шыққаннан кейін де беруге болады. Бұл жерде мерзімнің маңызы жоқ.

Шенеева зейнетақы аударымдары үшін жауапкершілік жұмыс берушінің мойнында екенін еске салды.

"Әлеуметтік кодекске сәйкес, жұмыс беруші жарналарды келесі айдың 25-іне дейін аударуы тиіс. Кешіктіргені немесе төлемегені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әрине, жекеменшік кәсіпкерлік немесе жеке шаруашылық секторында ерекшеліктер бар, онда аударымдар тоқсан сайын немесе жылына бір рет жасалады. Бірақ кез келген жағдайда жұмыс беруші жарналардың қай айлар үшін жасалғанын көрсетуге міндетті", – дейді Әнел Шенеева.

Жұмыс беруші жетпеген аударымдарды төлеуден бас тартса

Егер жұмыс беруші жетіспейтін жарналарды төлеуден жалтарса, азамат мемлекеттік еңбек инспекциясына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне алады. Егер уәкілетті орган зейнетақыны қайта қараудан бас тартса, сотқа бару қажет.

Зейнетақы тағайындау үшін қайда және қандай құжаттар тапсыру керек?

Барлық дерек тексеріліп, сәйкестендірілгеннен кейін белгіленген мерзімде зейнетақы алуға құжат тапсыруға болады. Ол үшін туған күнге 10 күн қалғанда ХҚКО-ға бару қажет.

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік;
  • Еңбек кітапшасы;
  • Білім туралы құжаттар (дипломдар);
  • Ерлер үшін – әскери билет;
  • Әйелдер үшін – балалардың туу туралы куәліктері (3 жасқа дейін бала күтімін растау үшін).

"Әйел бала күтімімен үш жылға дейінгі кезеңде жұмыс істемесе де, бұл уақыт еңбек өтіліне есептелуі мүмкін. Ең бастысы – тиісті құжаттарды ұсыну. Барлық мәлімет тексеріледі, содан кейін ғана зейнетақы тағайындау туралы шешім қабылданады", – дейді Шенеева.

Зейнетақы тағайындау кезінде табыс қалай есептеледі?

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы басшысының айтуынша, есептеу бағдарламасы бүкіл кезеңдегі аударымдарды оқып, үздіксіз үш жылдық кезеңді анықтайды, сол уақытта аударымдар ең жоғары болған.

"Зейнетке шығатын адам ХҚКО-ға келгенде, кеңесші оған табысы ең жоғары болған кезеңді көрсетеді. Азамат сонымен келісуі мүмкін немесе басқа кезеңді таңдауға құқылы. Зейнетақы есептеу таңдалған кезең негізінде жүргізіледі", – дейді Шенеева.

Зейнетақы тағайындалғаннан кейін қате анықталса не істеу керек?

Зейнетақыны қайта есептеуді сұрауға болады. Ол үшін ХҚКО-ға барып, қосымша растайтын құжаттарды (архивтік анықтамалар, түзетілген еңбек кітапшасы және т.б.) тапсыру қажет. Қайта есептеу мерзімі - 8–10 күн.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети