12 ақпан 2015 | 14:21

Астаналықтар Кеден одағы елдерінен әкелген көліктерін тіркей алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада мыңнан аса азамат Кеден одағы елдерінен әкелген көліктерін тіркей алмады. Оған ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің енгізген негізсіз талаптары себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаменті басшысы Дулат Әзбергеновке сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының шешімімен автокөлікті есептен шығару және Кеден одағы елдерінен әкелінген көліктерде сәйкестендіру сертификаты сынды қосымша құжаттардың болуы енгізіліп, негізсіз талаптың қойылғанын анықтады. Соның кесірінен Астана қаласының өзінде мыңнан аса азамат автокөлігін тіркеуге қоя алмады. Қазіргі таңда ол талаптың барлығы алынып тасталып, автокөліктер көпшілік мақұлдаған стандарттар бойынша тіркеуге алынып жатыр", - деді Әзбергенов Астанада көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасы талқыланған кеңесте.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметке жүгіну кезінде туындайтын өзге де қиындықтарды да мысалға келтірді. Мысалы, Астананың кедендік органдары "тауарды мағлұмдау" мемлекеттік қызметін көрсету барысында стандартта тіркелмеген қосымша 15 құжатқа дейін сұрайды. "Алайда бұл жағдайда кедендік орган қызметкерлерінің мұндай әрекетін заңсыз деуге болмайды, себебі бұл талаптың барлығы Кеден кодексінде қарастырылған. Бірақ бұл азаматтардың наразылығын туғызады, себебі мұндай талаптар стандарттарды дайындау кезінде бастапқыдан-ақ ескерілуі тиіс еді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети