19 мамыр 2016 09:58

Бангладеште найзағайдан 80-нен аса адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бангладеште найзағайдың салдарынан кем дегенде 81 адам қаза тапты, - хабарлайды Life. Елдің Дакке және басқа қалаларында бір апта бойы күн қатты ысып, найзағай түсе бастаған.


Бангладеште найзағайдың салдарынан кем дегенде 81 адам қаза тапты, - хабарлайды Life. Елдің Дакке және басқа қалаларында бір апта бойы күн қатты ысып, найзағай түсе бастаған.

Төтенше жағдайлар министрі Мофаззал Хоссейн Чоудхури Майяның айтуынша, жауыннан осындай көп адамның қаза табуы тек Бангладеште емес, әлем елдерінде де болып жатқан жағдай. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, найзағайдың салдарынан қаза тапқан адамдардың көпшілігі Бангладештің солтүстік және орталық бөлігіндегі ауылдық аудандарда тұратын тұрғындар екен. Ресми мәліметтер бойынша, былтыр найзағайдың түсуінен 17 адам қаза тапқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хатшысы Шах Камал тұрғындарға резеңке аяқ-киім киюге кеңес берді. "Егер жауын егістікке де жетсе, онда жерге отырып, шатырлардан ары кетіп, металл заттарға жақындамай, электронды гаджетті пайдаланбаңдар", - деді шенеунік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети