30 желтоқсан 2014 23:39

Бейжіңде қазақ ақпарат құралдарының жұмысы кеңейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрбек Бекенов ©Нұрбек Бекенов

Бейжіңде қазақ ақпарат құралдарының жұмысы кеңейді, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.


Бейжіңде қазақ ақпарат құралдарының жұмысы кеңейді, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Қытай астанасындағы Ұлттар орталық радиосының қазақ бөлімі жаңа жылдан бастап, әуе толқынына 18 сағат бойы шығады. Бұрын 7 сағат жұмыс істейтін. Әлемдегі 65 елдің тілінде ақпарат беретін радио осылайша қазақ-қытай қарым-қатынасын насихаттап, Жібек Жолы экономикалық белдеуіндегі екі елдің ақпарат алмасуына мүдделі. Бұған қоса, орталық CCTV телеарнасына қарайтын интернет-телеарна ресми түрде іске қосылды. Видеопортал Қытайдағы бес ұлттың тілінде, соның ішінде, қазақ тілінде жаңалық таратады. 

Тағы бір жаңалық - Қытай халықаралық радиосы "Жаңа Жібек жолы" деп аталатын ұялы телефон қосымшасын да шығарды. Бұл Қытайдағы Кирилл қарпімен қазақша хабар тарата бастаған алғашқы жоба болып отыр. Оның ашылуына Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері қатысты. "Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық мәдени байланысты насихаттап, әріптестікті нығайтуға өз үлесімізді қосқымыз келді. Қазір халықтың басым бөлігі, іскер азаматтар ұялы телефонын сөйлесу үшін ғана емес, ақпарат алу үшін де пайдаланады. Сондықтан "Жаңа Жібек жолы" қосымшасы арқылы Қытайды Қазақстанға, Қазақстанды Қытай азаматтарына таныстыруға болады", - дейді Қытай халықаралық радиосы басшысының орынбасары Рын Чэн. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети