Бұрынғы Қытай министрінен 14 миллиард доллардан астам қаражат қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы Қытай министрінен 14 миллиард доллардан астам қаражат қайтарылды ҚХР қоғамдық қауіпсіздігінің экс-министрі Чжоу Юнкан (ортада). Фото РИА Новости©

Қытай Үкіметі өз елдері тарихындағы ең ірі сыбайлас жемқорлықты тергеу барысында бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнкан мен оның отбасы мүшелерінен 14,5 миллиард доллар сомасындағы активті алып алды, деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Үкіметі өз елдері тарихындағы ең ірі сыбайлас жемқорлықты тергеу барысында бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнкан мен оның отбасы мүшелерінен 14,5 миллиард доллар сомасындағы активті алып алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай министрі 2013 жылы желтоқсан айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталған. Қытай партиясын басқаратын дерек көзінің мәлімдегендей, бұрынғы министрден бөлек бұл іске қатысты оның айналасындағы 300-ден астам адамның аты-жөні айтылуда. Олар – оның туыстары, саяси одақтастары, 1996-1998 жылдары бас директоры осы экс-министр болған CNPC мұнай-газ корпорациясының қызметкерлері. Олардың көбісі тұтқындалған.

Тергеу барысында 5,9 миллиард долар көлемінде банктік есеп-шоттар тоқтатылған, жалпы сомасы сегіз миллард доллардан асатын қытайлық және халықаралық компаниялардың құнды қағаздары алып алынған. Сондай-ақ 300 пәтер және үй, антиквариат және өнер туындылары, 60 көлік құралы, алтын және күміс бұйымдар, шетелдік валютадағы қолдарындағы ақшалай қаражаттар тәркіленген.

Чжоу Юнкан ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігін 2002 жылдан 2007 жылға дейін басқарған. 2007-2012 жылдары 17-ші шақыртылымдағы ҚКП ОК Саясибюросының тұрақы комитетінің мүшесі болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети