Малайзиялық тергеушілер Boeing 777 ұшағын Пәкістан мен Ауғанстанның аумағынан іздестірмекші деп хабарлайды Tengrinews.kz Utro.ru-ға сілтеме жасап. Тергеушілердің пайымдауынша, ұшақ радардан жоғалғаннан кейін содырлар бақылайтын аумаққа қарай кетуі мүмкін. The Independent басылымы қазір олардың Пәкістан мен Ауғанстанда тексеру жүргізу үшін осы елдердің билік өкілдерінен дипломатиялық рұқсат күтіп отыр. Басылымның мәліметінше, Boeing 777 ұшуы мүмкін әуе дәліздерінің бірі "Талибан" қозғалысының бақылауындағы аумақтың үстінде орналасқан. Пәкістан азаматтық авиация өкілдері болса, бұл ұшақтан ешқандай дабыл байқалмағанын айтып отыр. Бүгін жоғалған ұшақтың байланыс жүйесінің қолмен ажыратылғаны белгілі болды. Малайзия көлік министрі Хисамуддин Хусейнге сілтеме жасаған Sun Star ұшақтың әуеге көтерілген уақытынан 40 минуттан соң бортта әлдекімнің ACARS (әуе байланысының адрестік-есептік жүйесі) жүйесін сөндіргенін хабарлады. Ал 14 минуттан соң радарларға белгі беретін құрылғы ажыратылған. Еске сала кетейік, Malaysian Airlines әуе компаниясының MH370 рейсін орындауы тиіс лайнері 8 наурызға қараған түні Малайзия астанасынан Қытай астанасына ұшқан еді. Оның бортында 14 мемлекеттің азаматтарынан құралған 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Ұшақ Вьетнамның Тхо-Чу аралынан 300 шақырым қашықтықта болған кезде соңғы рет белгі берген. Радар экрандарынан жоғалғанға дейін ол бірде-бір дабыл қақпаған. Кейін MH370 рейсі жолаушыларының арасында бортқа ұрланған төлқұжаттармен отырған адамдардың бар екені белгілі болды. Көп ұзамай бұл екі адамның Иран азаматтары екені анықталды. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақ лайнерді террористер айдап әкетті деген қорытынды жасады. Оның айтуынша, ұшақ бағытынан айнығаннан кейін әуеде жеті сағат қалықтаған.
Малайзиялық тергеушілер Boeing 777 ұшағын Пәкістан мен Ауғанстанның аумағынан іздестірмекші деп хабарлайды Tengrinews.kz Utro.ru-ға сілтеме жасап.
Тергеушілердің пайымдауынша, ұшақ радардан жоғалғаннан кейін содырлар бақылайтын аумаққа қарай кетуі мүмкін. The Independent басылымы қазір олардың Пәкістан мен Ауғанстанда тексеру жүргізу үшін осы елдердің билік өкілдерінен дипломатиялық рұқсат күтіп отыр.
Басылымның мәліметінше, Boeing 777 ұшуы мүмкін әуе дәліздерінің бірі "Талибан" қозғалысының бақылауындағы аумақтың үстінде орналасқан. Пәкістан азаматтық авиация өкілдері болса, бұл ұшақтан ешқандай дабыл байқалмағанын айтып отыр.
Бүгін жоғалған ұшақтың байланыс жүйесінің қолмен ажыратылғаны белгілі болды. Малайзия көлік министрі Хисамуддин Хусейнге сілтеме жасаған Sun Star ұшақтың әуеге көтерілген уақытынан 40 минуттан соң бортта әлдекімнің ACARS (әуе байланысының адрестік-есептік жүйесі) жүйесін сөндіргенін хабарлады. Ал 14 минуттан соң радарларға белгі беретін құрылғы ажыратылған.
Еске сала кетейік, Malaysian Airlines әуе компаниясының MH370 рейсін орындауы тиіс лайнері 8 наурызға қараған түні Малайзия астанасынан Қытай астанасына ұшқан еді. Оның бортында 14 мемлекеттің азаматтарынан құралған 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Ұшақ Вьетнамның Тхо-Чу аралынан 300 шақырым қашықтықта болған кезде соңғы рет белгі берген. Радар экрандарынан жоғалғанға дейін ол бірде-бір дабыл қақпаған.
Кейін MH370 рейсі жолаушыларының арасында бортқа ұрланған төлқұжаттармен отырған адамдардың бар екені белгілі болды. Көп ұзамай бұл екі адамның Иран азаматтары екені анықталды. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақ лайнерді террористер айдап әкетті деген қорытынды жасады. Оның айтуынша, ұшақ бағытынан айнығаннан кейін әуеде жеті сағат қалықтаған.