13 наурыз 2014 | 13:42

Қытай көрсеткен жерден ұшақ қалдықтары табылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қытай көрсеткен жерден Malaysia Airlines лайнерінің қалдықтары табылмады деп хабарлайды "РИА Новости". "Ол жерде ештеңе жоқ. Біз ол жерге бардық, бірақ ештеңе таппадық", - дейді Малайзия азаматтық авиация департаментінің басшысы Абдул Рахман. Вьетнамның іздеу ұшағы да ешқандай қалдықтарды таппаған. Бұған дейін Қытай спутнигінің ұшақ құлауы мүмкін жерді суретке түсіргені хабарланған еді. Үш фотосуретте Оңтүстік Қытай теңізінде қалқып жүрген ірі нысандар бейнеленген. Бұл суреттер ұшақ жоғалып кеткен күннің ертесіне түсіріліпті. Бірақ енді жарияланып отырғанға ұқсайды. Айта кетейік, мұхиттағы ұшақ қалдығына ұқсас заттардың суреттері бұған дейін де жария етілген еді. Бірақ олардың бәрінің жоғалған ұшаққа қатысы болмай шықты. Еске сала кетейік, Малайзия әуе компаниясының Boeing 777-200 жолаушылар ұшағы 8 наурыз күні сағат 00.41-де Куала-Лумпурден Бейжің бағытына ұшқан еді. Бір сағаттан соң ол радар экрандарынан көрінбей кетті. Ұшақтың бортында 239 адам болған. Жоғалған ұшақ әлі табылған жоқ. Оны іздеуге бірнеше мемлекет атсалысып жатыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети