Malaysia Airlines компаниясы жоғалған ұшағының пилоты Захари Ахмад Шахтың ұлы әкесінің ұшақ апатына қатысы барына сенбейді, - деп хабарлайды РИА Новости. 
Malaysia Airlines компаниясы жоғалған ұшағының пилоты Захари Ахмад Шахтың ұлы әкесінің ұшақ апатына қатысы барына сенбейді, - деп хабарлайды РИА Новости. 
Ахмад Сетх әкесінің Boeing-ті айдап әкетіп, қасақана суға батыратын адам емес екенін мәлімдеді. Айта кетейік, құқық қорғау органдары қызметкерлері борттағы өрт және лайнер жүйелерінің істен шығуы туралы болжамдарды қарастырып жатқан жоқ. Олар әуе көлігі рационалды түрде қозғалғанын, ал апатқа бортта болған адамдардың бірінің қатысы болуы мүмкін екенін айтып отыр.
Пилоттың баласы әкесін тірі көруге үміттенетінін айтты. "Мен интернеттегінің бәрін оқыдым. Бірақ мен түрлі болжамдарға мән бермеймін. Өз әкемді жақсы білемін. Ол көп саяхаттағандықтан онша жақын болмаған шығармыз бәлкім, бірақ мен оны түсінемін", - деді Сетх. Ол дәлелдерді көзімен көрмейінше әкесінің өліміне сенбейтінін тағы мәлімдеді. 
Қазір құқық қорғау қызметкерлері пилоттың ұшу алдындағы мінез-құлқын білу үшін капитанның туыстарынан жауап алып жатыр. Бұған дейін Шахтың виртуалды тренажерлердің көмегімен ұшақты оқыс қондыру әдістерін пысықтағаны туралы хабарланған болатын. Еске сала кетейік, малайзиялық жолаушылар ұшағы 8 наурыздан бері іздестіріліп жатыр. Куала-Лумпурден Бейжіңге ұшқан Boeing 777-200-дің бортында 239 адам болған. 24 наурыз күні Малайзия үкіметінің басшысы Наджиб Разақ алдын ала мәлімет бойынша ұшақтың Үнді мұхитының оңтүстігіне құлағанын мәлімдеді. 
Подробнее:https://tengrinews.kz/asia/syin-pilota-propavshego-samoleta-Malaysia-Ailrines-otritsaet-vinu-ottsa-252594/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz