Малайзияның шығысында су тасқыны салдарынан барлығы 10 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Newsru.com. 200 мың адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.
Малайзияның шығысында су тасқыны салдарынан барлығы 10 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Newsru.com. 200 мың адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.
Толассыз жауған жаңбырдан елдің шығысында су деңгейі көтеріліп кеткен болатын. 10 күннен асқан табиғи апаттан Келантан және Тренгану штаттары зардап шекті. "Елдің шығысындағы кейбір аудандарда ахуал аса қауіпті, су деңгейі тағы да көтерілуі мүмкін", - деп мәлімдеді Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разак.
Су тасқыны салдарынан елдің бірқатар штаты электр желісінен ажырап, 15 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Малайзия үкіметі топан судан зардап шеккендерге 143 млн доллар бөлетінін хабарлады. Бұған қоса, Қытай 100 мың доллар көлемінде көмек беріп отыр. Синоптиктер елде ауа райының тағы да жайсыз болатынын болжады. Билік қазіргі жағдайдың өзін cоңғы 10 жылда болған тұңғыш ірі тасқын деп бағалады.