14 наурыз 2014 | 15:58

Малайзияның жоғалған ұшағы бағытын әдейі өзгерткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскери радарлардың мәліметінше, Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған лайнері бағытын әдейі өзгертіп, Андаман аралдары жаққа кеткен деп хабарлайды "РИА Новости" Reuters-ке сілтеме жасап. Тергеу төңірегіндегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, Malaysia Airlines-тің жоғалған ұшағы болуы мүмкін белгісіз бір әуе көлігі Малакка түбегі арқылы Андаман архипелагы жаққа қарай кеткен. 370 рейсі әуеде өз бағытындағы кеңдік пен ұзақтық координаттары нақты көрсетілетін, навигация үшін қолданылатын аралық жол нүктелерін әдейі айналып өткен. Мұндай әрекет жоғалған ұшақтың бағыты өзгергеннен кейін оны жаттыққан пилоттың басқарғанын байқатады. Жаңа мәліметтер жолаушылар ұшағын іздеу аймағын кеңейтуге, оған Андаман теңізін қосуға себеп болады. Бұл - Үнді мұхитының Үндістан мен Мьянма аралығындағы тұсында орналасқан архипелаг. Малайзия полициясындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ұшақтың жоғалуына қатысты негізгі нұсқа айдап әкету немесе диверсия әрекеттері болып отыр. Еске салайық, Малайзияның Куала-Лумпурден Бейжіңді бетке алған әуе лайнері 8 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 02.40-та радар экрандарынан көрінбей кеткен еді. Соңғы рет байланыс жасалған кезде ол Малайзияның шығыс жағалауынан 220-шақырымда болған. Ұшақты іздеуге 10 мемлекеттен 50-ден астам кеме мен ұшақ қатысып жатыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети