29 қыркүйек 2014 | 00:43

Онтакэ жанартауының атқылауынан 30 альпинист қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда Онтакэ жанартауының атқылауынан 30 альпинист қайтыс болды, - деп хабарлайды BBC Russian


Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда Онтакэ жанартауының атқылауынан 30 альпинист қайтыс болды, - деп хабарлайды BBC Russian

Ер адамдардың мәйіті таудың шыңға жақын тұсынан табылды. Онтакэ жанартауы атқылай бастағаннан бері тауда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тауда болған 250 адамның көбі қауіпсіз жерге көшірілді. "Жанартау тастары бұршақ тәрізді құлады. Демалу қиын болды. Біз бетімізді сүлгімен жауып алдық. Көзімізді ашу мүмкін болмады", - дейді құтқарылған адамдардың бірі. Екінші бір туристің айтуынша, жанартау күлі жылдам таралған. "Мен қашып үлгермей қалдым, тауда қалып қойған басқа адамдар үшін уайымдап отырмын", - дейді ол.

Күз мезгілінде туристер көп жиналатын Онтакэ тауында жанартау 27 қыркүйектен бері атқылай бастады. Метеорологтер жанартаудың әсерінен болған 313 жер сілкінісін есепке алды, оның 240-ы вулкан атқылаған алғашқы екі сағат ішінде болды. Жергілікті халыққа жанартау маңынан төрт мың шақырым радиусқа оның күлі таралып, тау жынысы бөлшектері құлауы мүмкін екені ескертілді.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі бесбалдық шкала бойынша қауіптің үшінші деңгейін белгіледі. Бұл - жанартауы бар таудың етегіне жақындауға болмайды деген сөз. Онтакэ Нагоя қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта, Токиодан 200 шақырымда орналасқан. Ол соңғы рет 2007 жылы атқылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети