Сеулде Philakorea-2014 маркалар көрмесі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сеулде Philakorea-2014 маркалар көрмесі өтіп жатыр ©massaget.kz

Оңтүстік Кореяда Philakorea-2014 пошта маркаларының халықаралық көрмесі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда Philakorea-2014 пошта маркаларының халықаралық көрмесі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Филателистер байқауына әлемнің 90 мемлекетінен делегаттар қатысып жатыр. Олардың арасында "Қазпошта" АҚ делегациясы да бар. 7-12 тамыз күндері аралығында өтетін көрмеден әр елдің тарихы мен мәдениетін насихаттайтын пошта маркалары, қымбат раритеттер мен бірегей экземплярлар кездеседі. 

Көрме Оңтүстік Корея поштасының 130 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оның биылғы ұраны - "Үйлесім, бейбітшілік және махаббат". Шара әр 10 жыл сайын өтіп тұрады.

Көрменің ашылу салтанатында кореялық таэквондо мектебі өнер көрсетіп, келген қонақтарды қызыққа бөледі, әр елдің пошта маркаларын таныстырушы гидтер өз елдері пошташыларының киімін киген.

Пошта маркаларының шыққан елін, жерін, мәдениеті мен тарихын насихаттау үшін қонақтарға қолдан жасалған маркалар сыйға тартылды. Көрмеде заманауи, креативті маркалар мен оларды көрсету жолдары да ұсынылды. Мәселен, мына теледидарларда пошта маркаларын үлкейтіп көрсетіп, олардың қандай таңба-белгілеріне назар аударылуы керектігі айтылып, толық ақпарат беріледі. Ал теледидар маңында сол құнды пошта маркасы қонақтарға ұсынылады.

Барлық экспонаттың жалпы бағасы - орташа есеппен 100 млн доллар. Мұнда әлемнің ең қымбат делінетін пошта маркалары да қойылды. Оның әрқайсысы миллион доллар тұрады. "Кері қаратылған Дженни", қате штемпельді "Маврикий", "Британ Гвианасы", Қытайдың 1878 жылы тұңғыш шыққан 5 Candarin large dragon атты тарихи бағалы маркалары да көпшілік назарына ұсынылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети