Шри-Ланкада су тасқынынан миллион адам көшуге мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шри-Ланкада су тасқынынан миллион адам көшуге мәжбүр болды ©aljoumhoria.com

Шри-Ланкада желтоқсан айының ортасынан бастап құйып жауған жаңбырдан миллионнан астам адамды өз үйлерін тастап, көшуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды РИА Новости. Екі аптада жиналған мәліметті Табиғи апаттың салдарын жою орталығының өкілдері хабарлады.

Сонымен қатар, ең аз дегенде 39 адамның қаза тапқаны хабарланып отыр. 20 адам жарақат алып, екі адам із-түссіз жоғалды. Су тасқынына айналған жаңбыр 19 желтоқсанда елдің солтүстік және оңтүстік бөліктерін шайып өтті. Табиғи апаттың салдарын жою орталығының мәліметінше, елдің солтүстік-шығысындағы Баттикалоа аумағы қатты зардап шекті. 

Көшкіннен көптеген үй лай астында қалды. Ел билігі мемлекеттің солтүстік аймағындағы түрмеде отырған қылмыскерлер мен емханалардағы емделушілерді басқа жерлерге көшіруге мәжбүр болды. Шри-Ланкада жаңбыр маусымы кезінде жиі су тасқыны болып тұрады. Елді мекенде қаза тапқандар мен қирандылар туралы хабарламалар көп тарайды. Айта кетейік, 2013 жылы Қазақстан бұл елге 200 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети