Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 2000 адамнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 2000 адамнан асты

Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 2000 адамнан асты, - деп хабарлайды "РИА Новости" жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы екі күнде Андхра-Прадеш пен Теланган штаттарында жоғары температура сақталады.

"Метеорологиялық басқарма алдағы екі күнде ауа температурасы 47 градус болатыны туралы ескерту жариялайды. Дүйсенбіде аздап жаңбыр жаууы мүмкін",- деді Телеган штаты табиғи апаттармен күресу басқармасындағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін елде аптап ыстықтан 1100 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Үндістанның бірқатар аймағы үшін бұл уақытта ауа температурасының 40 градустан асуы қалыпты жағдай, кей жерлерде наурыздан маусымға дейін құрғақшылық маусымы болып, кейін жаңбырлы маусыммен алмасады. Ең құрғақ әрі ыстық кезең - сәуір мен мамыр аралығында. Бұған дейін рекордты жоғары ауа температурасы 1947 жылы тіркелген. Ол кезде ауа температурасы 47,2 градусқа дейін жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети