12 қазан 2014 19:35

Вонгфонг дауылының кесірінен Жапонияда әуе қатынасы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА ©РИА

Жапонияның әуе компаниялары Вонгфонг дауылының кесірінен 350-ден астам рейстің кейінге шегерілгендігін жариялады, - деп хабарлайды "Вести.Ru".


Жапонияның әуе компаниялары Вонгфонг дауылының кесірінен 350-ден астам рейстің кейінге шегерілгендігін жариялады, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Әуе қатынастары Окинава префектурасы мен Кюсю аралында шектелген. Жапония метеорологтары дүлей дауылды көлемі бойынша ауқымды, пәрменділігі бойынша қуатты деп таныды да. Дауылдың ортасындағы қысым 965 гектопаскальға тең, оның ортасындағы желдің жылдамдығы секундына 35 метр де, ұйытқып соққанында секундына 50 метрге дейін жетеді.

Жергілікті энергетика мамандарының деректері бойынша, табиғаттың дүлей күші елдің оңтүстік бөлігінде 60 мыңға жуық отбасын электрсіз (жарықсыз) қалдырған.

Бұған қоса, Жапониядағы ірі темір жол компаниясы West Japan Railway Company 21 бағыт бойынша пойыздар қозғалысының тоқтатылғандығы жөнінде мәлімдеді.

Дүлей дауылдан әзірше 38 адам зардап шекті. Көп жағдайда, олар өздеріне құлаған әр түрлі заттардан жарақат алған. Мысалы, жергілікті екі тұрғынның, оның ішінде тоғыз жастағы қыздың саусақтары қыршылған. Бұл жел соғып, есіктің кенеттен жабылуынан болған.

Естеріңізге сала кетейік, Вонгфонг дауылы Окинава префектурасына жақын жерде ұйытқып тұр. Синоптиктер 13 қазан күні ол Косю аралына жетеді, содан соң Хонсю аралы бағытымен одан әрі оңтүстік-батысқа қарай ойысады деп болжам жасап отыр. Әрі Жапония астанасы нөсер жаңбырдың астында қалады деп болжануда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети