Жапонияда жанартау атқылағаннан кейін 32 адам жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда жанартау атқылағаннан кейін 32 адам жоғалып кетті ©esgeo.ru

Жапонияда Онтакэ жанартауының атқылауынан кем дегенде 32 адам із-түссіз жоғалды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда Онтакэ жанартауының атқылауынан кем дегенде 32 адам із-түссіз жоғалды, - деп хабарлайды РИА Новости

Вулкан аймағында құтқару операциясы жүріп жатыр, оған әскерилер де жұмылдырылды. Құтқарушылар Онтакэ бөктерінен үш адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың денсаулығы туралы мәлімет жоқ.

Күзгі мезгілде туристер көп келетін Онтакэ тауында 27 қыркүйектен бері жанартау атқылай бастады. Содан кейін метеорологтер жанартаудың әсерінен болған 313 жер сілкінісін есепке алды, оның 240-ы вулкан атқылаған алғашқы екі сағат ішінде болды.

Жергілікті халыққа жанартау маңынан төрт мың шақырым радиуста вулканның күлі мен тау жынысы бөлшектері құлауы мүмкін екені ескертілді. Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі бесбалдық шкала бойынша қауіптің үшінші деңгейін белгіледі. Бұл - жанартауы бар таудың етегіне жақындауға болмайды деген сөз.

Жанартау атқылаған кезде тау бөктерінде 220-дан астам адам болған. Дәрігерлер 70-тен астам адамды ауруханаға жатқызуға сұраныс алған. Нагано префектурасы билігі өкілдеріне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кем дегенде 32 адамның жағдайы ауыр, жетеуі ес-түссіз жатыр.

Онтакэ вулканы Нагоя қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта, Токиодан 200 шақырымда орналасқан. Ол соңғы рет 2007 жылы атқылады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети