Статьи
28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарына тек дүкенге, дәріханаға және жұмысқа шығуға рұқсат. Жергілікті билік өкілдері көшеде серуендеп жүргендерге айыппұл салынады деп уәде берді. Бірақ Нұр-Сұлтан полицейлері айыппұлдан бөлек, карантин талаптарын орындамаған жүргізушілердің көліктерін тартып алып жатыр. Соңғы тәулікте елордадағы айыппұл тұрақтарына 30 көлік жеткізілген. Нұр-Сұлтанда мұндай шаралардың қабылдануына вирус жұқтырғандардың көбеюі себеп болып отыр. Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың ішінде Нұр-Сұлтан бүгінде 1-орында тұр. Tengrinews.kz фотографы Тұрар Қазанғапов карантиндегі елорданың суреттерін ұсынады.
19 наурызда Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды. Ал 22 наурыздан бастап қалаға кіруге және қаладан шығуға тыйым салынды. Тұрғындарға үйде отыруға кеңес берілді.
Дегенмен тыйымдарға қарамастан қалада серуендеп жүрген адамдарды байқауға болады.
Сонда да 30 наурыздан бастап елордадағы өмір режимі өзгерді деуге
Оған қоғамдық көлік қозғалысының тоқтап, кәсіпорындар мен адам көп шоғырланатын орындардың жабылуы себеп болған шығар.
Қалада тірі жан жоқ.
Біздің фотограф түсірілім жұмыстарын кешкі 19.30-да бастады.
Карантинге дейін елорда көшелерінде үнемі кептеліс болатын.
Мысалы, мына суретте Қабанбай батыр көшесі бейнеленген.
Ал мына суретте Мәңгілік ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысын көруге болады.
Мұнда Министрліктер үйі мен Ақорда орналасқан.
Ал ар жағында үкімет үй, Мәжіліс пен Сенат ғимараттары бар.
Енді тұрғындардың барлығы үйде отырады.
Үйде балаларымен мультфильмдер көруге асыққан болар.
Жолдардан тек такси жүргізушілерін көруге болады.
Полиция көліктері де көрінеді.
Жедел жәрдем көліктері де аз емес.
Көшенің әр бұрылысында жедел жәрдем бригадасы.
Полицейлерде көшелерді күзетіп жүр.
Жүргізушілердің құжаттарын тексеру үшін көліктерді тоқтатып жатыр.
Полицейлер тек жүргізушілерді емес, сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді де тексеріп жатыр.
Кешке қарай көшеде ешкім жүрмейді.
Бірақ біздің фотографты полицейлер ұстапты.
"Көшеде жаяу жүрген жалғыз мен болғандықтан полицейлер мені тоқтатты. Кіммін, қайданмын - барлығын сұрап, құжаттарымды тексерді", - дейді Тұрар Қазанғапов.
Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де құжат тексергенде түсіністікпен қарайды.
Сондай-ақ, олар барлығына үйде отыруға кеңес береді.
Тұрардың айтуынша, әдетте таңғы 4-5-терде қаланың картинасы осындай болады екен.
Бұл суреттер 30 наурызда сағат 20.00 және 22.00 аралығында түсірілген.
Қала ұйықтап жатқан секілді.
Осылайша фотографымыз үйіне жаяу қайтуды шешкен - "Бәйтерек" жақтан Жеңіс даңғылына дейін.
Қала тып-тыныш болса да такси жүргізушілері жұмысын істеп жүр.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Мәтіні: Әйгерім Әбілмәжитова