Абай облысында ондаған рет ереже бұзған көліктерді анықтау бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бір күн ішінде шетелдік тіркеудегі 4 автокөлік анықталды, иелерінің төленбеген 2,5 миллион теңге сомасында айыппұлдары бар.
Мәселен, Honda автокөлігінің иесі жыл басынан бері 1,3 миллион теңгеге жол қозғалысы ережесін 38 рет бұзған.
Сондай-ақ полицейлер мемлекеттік нөмірі жоқ Changan автокөлігін тоқтатты. Полиция мәліметінше, жүргізуші ережебұзушылықтың камераға түсіп қалмауы және жауапкершіліктен жалтару үшін нөмірді шешіп тастаған.
Автокөлік ережебұзушылықтар жойылғанға дейін коммуналдық тұраққа қойылды.
2 миллиард теңгеге ереже бұзған
Еске сала кетейік, Құқықтық статистика комитеті редакцияға 2026 жылдың бес айында шетелдік жүргізушілерге қатысты жалпы сомасы 2 163 704 944 теңге болатын 155 775 нұсқама шығарылғанын хабарлады.
Бұл ретте айыппұлдардың бір бөлігі ғана - 59 823 нұсқама бойынша 844 186 369 теңге төленген.
Осылайша, айыппұлдардың едәуір бөлігі төленбеген күйінде қалып отыр.
Тағы оқыңыз: Астанада көпірдегі кептелісті айналып өтпек болған жүргізуші қамауға алынды