Алматыда қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін әл-Фараби даңғылында бөгет қоршау орнатылып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін әл-Фараби даңғылында бөгет қоршау орнатылып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл шара апатты азайту және көлік құралдарының қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Достық және Назарбаев даңғылдарының аралығындағы учаскеде "қисық сызықты брус" типті жол қоршауы пайда болады.
"Бөгет қоршау орнату қарсы бағыттағы көлік ағынын физикалық түрде бөлу, жол қозғалысына қатысушылардың пассивті қауіпсіздік деңгейін арттыру және қарсы бағытқа шығумен байланысты жол-көлік оқиғалары қаупін барынша азайту мақсатында қарастырылған", - деп атап өтті әкімдік.
Биыл 10 шілдеге дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, қоршауды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары қоғамда үлкен резонанс тудырған жол апатынан кейін петиция жариялап, әл-Фараби даңғылына қоршау орнату туралы ұсыныс білдірген болатын.
Тағы оқыңыз: Алматыда тағы бірнеше көше біржақты болады.
Пікірлерді оқу