Астана тұрғыны ақауы бар автокөлік үшін ақшасын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengri Auto Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап.
Не болды?
Астана бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне қала тұрғыны жүгінген. Ол автокөлікті 10 миллион теңгеге сатып алғанын, алайда оны пайдалану барысында "күрделі техникалық ақаулар" анықталғанын мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, анықталған кемшіліктер көлікті қалыпты пайдалануға кедергі келтірген.
Заң не дейді?
Департамент мәліметінше, автокөлік техникалық жағынан күрделі тауарлар санатына жатады. Соған қарамастан, айтарлықтай ақаулар болған жағдайда тұтынушы келісімшартты бұзуып, ақшасын толық қайтаруды талап етуге құқылы.
Астана тұрғынына талаптарды негіздей отырып және заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, сотқа дейінгі шағым дайындауға көмек көрсетілген.
Кеңес беріліп, шағым жолданғаннан кейін дау сотсыз шешілді.
Сатушы қойылған талаптармен келісіп, сатып алушыға 10 миллион теңгені төлеген.