Қазақстанда мопедтерге салық төлеу керек пе: ресми жауап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мопедтерге салық төлеу керек пе: ресми жауап Фото © Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстандықтар көлік салығын 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі тиіс, алайда мопедтерге қатысты жағдай әлі де түсініксіз. Tengri Auto тілшісі мопед иелерінің салық төлеуі қажет пе, жоқ па деген мәселені анықтап көрді.


Қазақстандықтар көлік салығын 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі тиіс, алайда мопедтерге қатысты жағдай әлі де түсініксіз. Tengri Auto тілшісі мопед иелерінің салық төлеуі қажет пе, жоқ па деген мәселені анықтап көрді.

Қазақстанда тіркелген және есепте тұрған тіркемелерден басқа барлық көлік құралына салық салынады.

Бұл А және А1 санатындағы көліктерге де қатысты. Салық кодексінің 565-бабы 1-тармағы 5-кестесіне сәйкес мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын көлемді кемелер үшін қозғалтқыш қуатына қарай келесідей салық мөлшерлемелері белгіленген:

  • 55 кВт-қа (75 ат күші) дейін қоса алғанда – 1 АЕК;
  • 55 кВт-тан (75 ат күші) жоғары – 10 АЕК.

Бұл жердегі басты мәселе - Салық кодексінде дәл "мопед" ұғымының мүлдем аталмауында. Tengri Auto тілшісі осы мәселе бойынша Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінді.

МКК мопедтерге қатысты анықтама басқа құжатта - "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41) тармақшасында жазылғанын түсіндірді. Онда былай делінген: мопед - - екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы, ол іштен жанатын қозғалтқышпен (цилиндрінің жұмыс көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын), немесе электр қозғалтқышымен жабдықталған және ең жоғары жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайды.

Бұл ретте, салық салу тұрғысынан алғанда, мопедтерді Кодекстегі көлік құралдарының ешбір санатына жатқызуға болмайды. Сондықтан Комитет олар үшін көлік құралдарына салынатын салық мөлшерлемесі қарастырылмағанын мойындады.

Яғни, Қазақстанда әзірге мопедтер үшін салық төлеудің қажеті жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.9   556.59   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети