Таразда жүргізуші жолдағы ашық люк үшін өтемақы өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда жүргізуші жолдағы ашық люк үшін өтемақы өндіріп алды Фото:depositphotos.com

Таразда жүргізуші ашық қалған люкке түсіп кетіп, бүлінген көлігі үшін өтемақы алды, деп хабарлайды Tengri Auto.


Таразда жүргізуші ашық қалған люкке түсіп кетіп, бүлінген көлігі үшін өтемақы алды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Не болды?

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы шілдеде болған. Көлік жылу құдығының ашық люгіне түсіп кетіп, салдарынан айтарлықтай механикалық зақым келген.

Істі қарау барысында жол учаскесі мен құдықтың "Таразтрансэнерго" компаниясының қызмет көрсету аумағында болғаны анықталды.

Бұған дейін аталған кәсіпорынның лауазымды тұлғасы құдықты тиісінше күтіп ұстамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот шешімі

Сот материалдық залал жол мен инженерлік құрылыстарды тиісінше күтіп ұстамау салдарынан келтірілген деген қорытындыға келді.

Шығын көлемі 1 миллион теңгеден аса сомаға бағаланды. Сот талап арызды толық қанағаттандырды. Жауапкерден:

  • 1,1 миллион теңге - көлікке келген зақым үшін;
  • өкіл қызметі мен бағалау шығындары;
  • мемлекеттік баж - 171 мың теңге өндірілді.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: "Қайда барсаңыз, онда барыңыз" - автосалон сатылған көліктің төлемін кешіктірген

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.63   557.14   6.08 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети