Алматыда ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Биыл Алматыда қанша көше жөнделетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Auto әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биыл Алматыда қанша көше жөнделетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Auto әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Сатыбалды 2026 жылы орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 290,2 шақырым болатын 360 көшені, оның ішінде 40,9 шақырым 17 магистральды көшені қамтитынын айтты. Магистральды көшелердегі орташа жөндеу жұмыстары жазда жүргізіледі.

Наурыздың ортасынан бастап ағымдағы жөндеу мен ақауларды жою жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жолдағы құдықтарының қақпағы мен жаңбыр суын қабылдау құрылғыларының шөгуі, қоғамдық көлік жолақтарындағы ойықтың пайда болуы, сондай-ақ инженерлік желілерді жүргізгеннен кейінгі жол жабынының бұзылуы ретке келтіріліп жатыр. Биыл Алатау ауданының көше-жол желісіне ерекше назар аударылады. Мұнда жол құрылысы мен орташа жөндеу аясында ұзындығы 121,9 шақырым болатын 304 көшені қамту жоспарланған.

"Жыл сайын жол жөндеуге қомақты қаражат бөлінеді. Алайда қыс мезгілінен кейінгі жағдайды тұрғындар орынды сынайды. Мердігер ұйымдармен нақты әрі талаппен жұмыс жүргізу қажет. Міндеттемелерін сапасыз орындаған компаниялар қаладағы жұмыстарға араласпайды. Жөндеу учаскелері кедергі жолағына айналмауы тиіс — жұмыс дұрыс ұйымдастырылуы керек. Жалпы, жол белгілері, бағдаршамдар, жүргіншілер өткелі, жол таңбалары, көпір мен жолайырықтардың барлығы тиісті талапқа сай болуы тиіс. Қаланы жүйелі түрде аралап, жұмыстардың барысын жеке бақылауда ұстаймын", - деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Бұған дейін, Бостандық ауданында Жароков көшесінің Қожанов көшесінен Дунаевский көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары басталғаны хабарланған болатын. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, жол жұмыстары 5 сәуірге дейін жалғасады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.47   553.7   5.91 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети