Алматыда құбыр ауыстыру жұмыстарына байланысты Жұмабаев көшесі жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда құбыр ауыстыру жұмыстарына байланысты Жұмабаев көшесі жабылады Фото:depositphotos.com

Жетісу ауданында су бұру желілерін реконструкциялау жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.


Жетісу ауданында су бұру желілерін реконструкциялау жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.

16 маусым мен 20 шілде аралығында Жұмабаев көшесінің Сельская көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылады.

Жүргізушілерге Омаров пен Палладин көшелері арқылы айналып өту ұсынылады.

"Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және тозған желілерді ауыстыру аясында Жетісу ауданында 716 метр кәріз құбыры жаңартылады. Бұл желі 1967 жылы пайдалануға берілген және бүгінде нормативтік мерзімі аяқталған", - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Қолайсыздықты азайтып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.

Бұған дейін “Медеудегі“ көлік тұрағы 2026 жылдың желтоқсанына дейін жабылатыны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Әл-Фараби даңғылында газ құбырын ауыстыруға байланысты көлік қозғалыс ішінара шектеледі

TengriAuto