Қазақстандағы тасжолдардың бірі 8 жолаққа дейін кеңейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы тасжолдардың бірі 8 жолаққа дейін кеңейтіледі Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Республикалық тасжолдардың бірі Алматы–Бішкек бағыты қайта жаңартылмақ - деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.


Республикалық тасжолдардың бірі Алматы–Бішкек бағыты қайта жаңартылмақ - деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Жоспар қандай?

Ұлттық компания мәліметінше, жолды төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейту жоспарланған. Мұндай шешім қозғалыс қарқындылығының жоғары болуына және жүргізушілердің көптеген өтініштеріне байланысты қабылданды.

"Жыл сайын "ҚазАвтоЖол" Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Алматы–Бішкек автожолын 4 жолақтан 8 жолаққа дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Мұнда көлік ағыны өте тығыз. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу былтыр басталған болатын. Қазіргі уақытта жоба аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Бұл жолдың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының бөлім бастығы Жанат Өтепбергенов.

Төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

  • шұңқырларды жөндеу — шамамен 15 мың шаршы метр;
  • 500 жол белгісін орнату;
  • ауданы 240 шаршы метр ақпараттық нұсқағыштарды монтаждау;
  • жол төсеміндегі жарықтарды герметизациялау.

Жобада сондай-ақ мыналар қарастырылған:

  • орталық бөлгіш жолақ;
  • жарықтандыру;
  • автобус аялдамалары;
  • жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі.

"ҚазАвтоЖол" өкілдері геологиялық, экологиялық және геодезиялық зерттеулерді қамтитын жобалау-іздестіру жұмыстарының аяқталғанын нақтылады. Осыдан кейін құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.89   556.83   5.94 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети