Шекарадағы көліктерге арналған күту аймақтары өзгертілмек: жүргізушілер нені білуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарадағы көліктерге арналған күту аймақтары өзгертілмек: жүргізушілер нені білуі керек? @kolikpress Telegram-арнасынан алынған фото

Қазақстанда шекарадағы ұзын-сонар кезекті азайту үшін жаңа күту аймақтарына қойылатын талаптар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Қазақстанда шекарадағы ұзын-сонар кезекті азайту үшін жаңа күту аймақтарына қойылатын талаптар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Ведомство мәліметінше, күту аймақтарының инфрақұрылымы, жол қозғалысын ұйымдастыру және техникалық жабдықталуына қатысты нақты талаптарды бекітетін құжат қарастырылып жатыр.

Күту аймақтары қалай жобаланады?

Жаңа талаптарға сәйкес, мұндай аймақтарды салу кезінде бірнеше фактор ескеріледі:

  • орналасқан жері;
  • шекара бекеттерінің өткізу мүмкіндігі;
  • көлік ағынының болжамы;
  • жер бедері мен ауа райы.

Жол қозғалысы да нақты жүйемен ұйымдастырылады. Көліктердің қозғалысы бірнеше кезеңге бөлінеді: кіру, сәйкестендіру, күту, қызмет алу және шығу. Бұл жүйе кептелісті азайтып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге тиіс.

Үш негізгі аймақ болады

Жаңа күту аймақтары үш бөліктен тұрады:

  • Тұрақ аймағы – жүк және жеңіл көліктер бөлек орналастырылады. Тіркелу электронды кезек терминалдары немесе мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Бұл аймақ кемінде 200 жүк көлігіне есептелуі керек.
  • Коммерциялық аймақ – жүргізушілерге арналған қызметтер (дәмхана, дүкен, сервис нысандары) орналасады.
  • Әкімшілік аймақ – операторлар мен қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар жұмыс істейтін бөлімдер болады.
    Барлығы цифрлық жүйеге қосылады

Жаңа талаптарға сәйкес, күту аймақтары толық автоматтандырылуы тиіс:

  • кіріп-шығуды бақылау жүйесі;
  • көліктердің мемлекеттік нөмірін тану;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция;
  • қауіпсіздік жүйелері;
  • тұрақты интернет пен мобильді байланыс.

Министрлік бұл өзгерістер күту аймақтарының жұмысын тұрақты етіп, көлік ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп отыр. Сондай-ақ транзиттік тасымал кезінде қызмет көрсету сапасы да жақсармақ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.19   553.17   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети