2019 жылы қазақстандық жүргізушілер жаңа құжат алуы тиіс

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда 2019 жылдың шілдесінде жүргізушілер үшін жаңа құжат - көлік құралының электронды паспортын рәсімдеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2019 жылдың шілдесінде жүргізушілер үшін жаңа құжат - көлік құралының электронды паспортын рәсімдеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл құжат - техникалық паспорт немесе бүгінде ҚР ІІМ өкілдері көлік құралдарын тіркеу кезінде беретін куәлік емес. 

"Көлік құралының электронды паспортын көліктің туу туралы куәлігі деп айтуға болады. Онда барлық техникалық мәлімет енгізіледі - шыққан жылы, көлемі, қозғалтқыш көлемі, сондай-ақ, көлік иесі жайлы мәліметтер, техникалық тексерістен өту немесе өтпеуі, жол апатына түсті ме, жоқ па (түскен жағдайда жол апатының мерзімі, уақыты, көліктің қаншалықты бүлінгені) және қандай жөндеуден өткені жайлы барлық мәлімет қамтылады", - дейді басылымдағылар.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегілердің мәліметінше, көлік құралының электронды паспорты Еуразия экономикалық одағының бүкіл аумағында жарамды болады.

Сондай-ақ, бұл құжатты шамамен 4 500 теңгеге рәсімдеуге болатыны айтылады. Ал паспортқа қандай да бір өзгеріс енгізу үшін жүргізуші шамамен 3 300 теңге төлеуі тиіс болады.

Министрліктегілердің айтуынша, қазіргі уақытта сатып алушыларға да көлік жайлы мәлімет беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бірақ ол қызмет түрі ақылы болуы да мүмкін екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro