Tesla компаниясы 2017 жылы жолаушылар көлігі мен жүк көлігін таныстырады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Tesla Motors жобасының негізін салушы Илон Маск компаниясының жоспары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tesla Motors жобасының негізін салушы Илон Маск компаниясының жоспары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Маск оның осыдан он жыл бұрын жасаған жоспарының біріншісі қазір аяқталып қалғанын айтты. "Жоспар қиын болған жоқ. Жоспарым мынадан тұрды: шағын көлемді қымбат электромобиль жасау; ол ақшаны орта көлемді және арзан бағадағы автокөлік жасауға жұмсау; сол ақшаны қолжетімді әрі жоғары көлемді автокөлік жасауға жұмсау. Біз бірінші қадамнан бастадық. Себебі, менің қолымнан сол ғана келді. Бастапқыда бұл жоспарды іске асыру үшін біздің мүмкіндігіміз жетпейді деп ойладым. Біреудің ақшасын жұмсағым келмеді. Сіздер автокөлік шығаратын адамдардың барлығы табысты бола бермейтінін білесіздер. Мысалы, 2016 жылы америкалық автокомпаниялардың ішінде банкротқа ұшырамаған екі ғана компания болды. Олар Ford пен Tesla. Автокөлік компаниясын ашу - миға кірмейтін нәрсе, ал электрокар өндіретін компания ашу - одан асқан миға кірмейтін нәрсе", - деп жазды Илон Маск.

Компанияның жоспарлары туралы айта кете, Tesla Motors компаниясының негізін салушы қазіргі уақытта электрмобильдердің жаңа екі түрін шығару қажеттігін атап өтті: ауыр жүк көліктері мен қалалық жолаушылар көлігі. Масктың айтуынша, бұл көліктердің екі түрі дайындалып жатыр және келесі жылы оны таныстырады. Сонымен қатар, Маск автоұшқыштың арқасында автобустардың көлемі үлкен болмайтынын және қоғамдық көлік жүргізушілері тіпті керек де болмайтынын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Илон Маск Тesla компаниясының құпия жобасын таныстырған еді. Басылымның мәліметінше, бұл хабарлама оның 2006 жылдың тамыз айында блогта жариялаған жазбасына ұқсас екен. Онда Илон Маск "Tesla Motors құпия жобасы (тек өз арамызда)"  жарияланымында электрмбильдерді шығаруы мүмкін екенін айтқан болатын. Айта кетейік, соңғы 10 жылда спорттық Tesla Roadster, жанұяға арналған бес есікті Tesla Model S автокөлігі, Tesla Model X кроссовері мен спорттық Tesla Model 3 седаны таныстырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer