24 қараша 2015 12:01

Ақтөбелік шенеуніктер көліктерін газбен жүруге ауыстырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© anhor.uz © anhor.uz

Ақтөбе облыстық әкімдігінің автокөліктері газбен жүруге ауыстырылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облыстық әкімдігінің автокөліктері газбен жүруге ауыстырылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда ең арзан газ Ақтөбе облысында және біз бірінші кезекте бюджеттік мекемелердің көліктерін газға ауыстыру туралы шешім қабылдадық, ол қаржы шығынын екі есе қырқартып, жанар-жағармайды үнемдеуге жол ашады", - деді Сапарбаев.

Өзінің қызметтік көлігін газға ауыстыра ма деген сұраққа әкім жауап берді. "Әрине, міндетті түрде. Мен үлгі көрсетуім керек қой", - деді Сапарбаев.

Әкімнің хабарлауынша, газға бірінші кезекте бюджеттік мекеме көліктері ауыстырылады. "Әрбір бюджеттік кәсіпорынмен бұл мәселе талқыланды. Шамамен алғанда, бір көлікті газбен жүруге ауыстыруға 130-170 теңге кетеді. Егер бүгін бензин 120-139 теңге тұрса, газға көшкенде ол 23 теңге болады. Енді есептеңіздер, газбен жүру қаншалықты арзан түседі. Оның үстіне, газды біз өзіміз өндіреміз. Қазір біз бірінші кезекте Ақтөбе қаласындағы газ құю станцияларының құрылыс жұмыстарын бастадық", - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімі халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жұмыстары жөнінде баяндап берді.

"Қазіргі таңда біз сумен жабдықтау, су тарту және жылумен қамтамасыз ету нысандарын қалыпқа келтіру және жөндеу үшін Еуропа қайта құру және даму банкімен 7 миллиард теңгеге келісімшарт жасастық. Кеше ғана Азия даму банкі өкілдігінің басшысымен кездестім. Оларға да 15 миллиард теңгеге 31 жобаны ұсындық. Бұл жобалар тұрғын үй-коммуналдық секторына, тұрғын үй және жол құрылысына байланысты", - деді әкім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети