Автомобиль туралы жазатын журналистер көліктердің сенімділігін бағалайтын ең беделді рейтингдерге зерттеу жүргізді. Осы мәліметтердің негізінде олар ең қауіпсіз көліктерді анықтады, - деп хабарлайды "Экономика сегодня".

Алғашқы төрт орынды Chevrolet Aveo, Hyundai ix20, Honda Jazz және Mazda 2 алды.
Сарапшылар шағын көліктердің ішінде Audi A1 және Mini Hatch автомобильдерін үздік деп таныды. Ал кроссоверлер қатарында Mitsubishi ASX, Renault Duster және Opel Mokka болса, С кластағы жеңіл көліктердің ішінде Mazda 3, Toyota Corolla, Mitsubishi Lancer мен Toyota Prius бар.
Салмағы жеңіл жол талғамайтын көліктерден Honda CR-V көш бастады, одан кейін Volkswagen Tiguan мен Subaru Forester тұр. Премиум-сегментте мамандар Lexus RX, BMW X5, Audi Q7 және Mercedes-Benz ML көліктерін үздік деп тапты.