Алматыға жаңа буындағы алғашқы Camry 70 көлігі жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға жаңа буындағы алғашқы Camry 70 көлігі жеткізілді © carskz

Өткен аптада Алматыдағы уақытша сақтау қоймасында жаңа буындағы Toyota Camry 70 көлігі тұрғаны анықталды. Көліктің эксклюзив суреттері "ВКонтакте" желісіндегі Carskz паблигінде жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен аптада Алматыдағы уақытша сақтау қоймасында жаңа буындағы Toyota Camry 70 көлігі тұрғаны анықталды. Көліктің эксклюзив суреттері "ВКонтакте" желісіндегі Carskz паблигінде жарияланды. 

"Көліктің Еуропадан жеткізілгені ғана белгілі. Қазір кедендік құжаттамалар толтырылып жатыр. Не айтасыздар?", - делінген хабарламада. 

Motor.kz басылымының жазуынша, Toyota Camry 70 Ресейде құрастырылған көліктерден емес, маркетингтік мақсатта әкелінген болуы мүмкін. Жаңа Camry көлігін біздің елде таныстыру мерзімі әлі белгісіз. 

Басылымның жазуы бойынша, жаңа Camry TNGA модульді платформа негізінде құрастырылған, ал зауыттық индексі V70. Осылайша ол күтіліп отырған "60" санынан аттап отыр. 

Алматы қоймасындағы көлік жапониялық гибридті Camry көшірмесі, америкалық нұсқадан болмашы айырмашылықтары бар. "АҚШ-та бұл седандардың атмосфералық қозғалтқыштары 2,5 (206 аттың күші) және 3,5 (305 аттың күші). Гибридті түрі де бар. Қытай үшін екі литрлі қозғалтқышпен шығарылған", - делінген мақалада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети