Алматыда жыл басынан бері қанша "әдемі" нөмір сатылды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі © "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі

Биыл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес, әріптерді де таңдауға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі корпорация баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес, әріптерді де таңдауға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі корпорация баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Нұрсұлтан Оңдасынұлының мәліметінше, қаңтардың 3-17 аралығында Қазақстандағы жаңа үлгідегі 75 авто нөмірлері сатылған.

"Жыл басынан 17 қаңтарға дейін Қазақстандағы жаңа үлгідегі (VIP) 100-900, 111-999 санатындағы - 34 дана, 001-009, 777 санатындағы - 19 дана, 010-090, 077, 707 - 22 дана авто нөмірлер сатылды", - дейді Нұрсұлтан Оңдасынұлы. 

"15 қаңтардан бастап іске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргізушілер мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы симметриялық нөмір белгілерін таңдай алады. Бұл үшін азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) өтінімдерін рәсімдеп, мемлекеттік алымды төлеулері тиіс.
2014 жылдан бастап автокөлік иелері ел арасында "айна нөмір" деп аталатын симметриялық нөмірлерді сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізген еді. Енді азаматтар ақылы түрде сандар мен әріптерді өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тілек білдірушілер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмірлерге 5 700 АЕК (137 085 теңге) көлемінде төлейді, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әріптердің де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны - 11 400 пайыз АЕК (274 170 теңге). 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмір сатылған", - делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарламасында. 

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмірлік белгісі базада болмаса, онда қажетті мемлекеттік алымды төлеп, мамандандырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруіне болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro