Алматыда "Назарбаев мінген" көлік сатылымға шығарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Назарбаев мінген" көлік сатылымға шығарылды

Kolesa.kz сайтында Нұрсұлтан Назарбаев мінгені айтылған Mercedes S-класс көлігі сатылымға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kolesa.kz сайтында Нұрсұлтан Назарбаев мінгені айтылған Mercedes S-класс көлігі сатылымға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы аттас басылым мәліметінше, Mercedes көлігінің бұл экземпляры 1993 жылы шығарылған. Бұл Mercedes-Benz S-класс көлігі бірден бірнеше ерекшелігімен көзге түседі.

"Біріншіден, бұл сайттағы ең қымбат Mercedes-Benz 600 SEL (W140). Көлік 25 миллион теңгеге бағаланған, бұл сол жылдары шығарылған 600 SEL маркасының орташа бағасынан алты есеге қымбат. Екіншіден, седанның жүрісі 29 жылдан аса уақытқа бар болғаны 37 930 шақырым.

Алайда одан да қызық дерек, бұл Mercedes қазіргі иесінің айтуынша, бұрын 01 KZ нөмірімен Нұрсұлтан Назарбаевты тасымалдаған. Жарнама авторы өз сөзін тіркеу деректер базасындағы скриншотпен, сондай-ақ мұрағаттық суреттер арқылы растайды", - деп жазды сайт.

Сондай-ақ, көлік брондалғаны айтылған.

Сонымен қатар, автокөлік салоны сұр түсті былғарыдан және бүйір терезелері механикаландырылған перделермен жабдықталған. Сондай-ақ, алдыңғы және артқы орындықтарында жылыту механизмі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети