20 қыркүйек 2022 08:44

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі автоорталық ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аумағы 110 мың шаршы метрден астам жерді алып жатқан Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі автокөлік орталығы - Mycar Almaty көпшілікке есігін айқара ашты. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен автоорталық құрылтайшысы Нұрлан Смағұлов 17 қыркүйекте ресми ашылу рәсіміне қатысты. БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысқан салтанатты шара 18 қыркүйекте өтті.


Алматыда аумағы 110 мың шаршы метрден астам жерді алып жатқан Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі автокөлік орталығы - Mycar Almaty көпшілікке есігін айқара ашты. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен автоорталық құрылтайшысы Нұрлан Смағұлов 17 қыркүйекте ресми ашылу рәсіміне қатысты. БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысқан салтанатты шара 18 қыркүйекте өтті.

Mycar Almaty автоорталығының ауданы - шамамен 30 мың шаршы метр; ішінде бірінші қатарға қойылған BMW, Changan, Chery, Haval және Hyundai секілді ресми дилерлік орталықтардың жүрілген 700 көлігі мен 50 жаңа автокөлігі болуы мүмкін. Әрбір көрме залының дизайны әлемдік брендтердің соңғы талаптарына сәйкес жасалған.

Сонымен қатар автоорталық маңындағы ашық алаңда тағы 800 көлік қойылған. Mycar Almaty күніне бір уақытта 500 тұтынушыға қызмет көрсетуге дайын. Оған қоса, жаңа автоорталық 600-ден астам қазақстандықты жұмыспен қамти алады.

Mycar Almaty қызметінің сандық көрсеткіші кестеде көрсетілген

Mycar Almaty автоорталықтарды, Mycar.kz қосымшасы мен онлайн автодилерді, Mycar Finance микроқаржы ұйымын, Mycar Pro автоорталықтарындағы бизнес-үдерістерді автоматтандыру жүйесін, Mycar франшизасын және MyCredit несиелік-сақтандыру серіктестері үшін интеграциялық шешімді қамтитын Mycar.kz экожүйесі дамуының логикалық жалғасы болып табылады.  

Mycar Almaty орталығының баламасы жоқ, оны әйгілі ағылшын сәулет бюросы Chapman Taylor жасаған. Автоорталық осындай ауқымдағы жоба үшін рекордтық қысқа мерзімде, атап айтқанда, небәрі 15 айдың ішінде салынды. Жоба құрылтайшылар Mycar.kz пен Нұрлан Смағұловтың жеке қаражатының, сондай-ақ "Қазақстан Халық Банкі" АҚ несиесі есебінен іске асырылып отыр.

Mycar Almaty жобасын әзірлеу мен салу кезінде автомобиль саудасы мен ойын-сауық орталықтарын басқару саласындағы тәсілдер біріктірілді. Нәтижесінде автоорталықтың мүлдем жаңа форматы пайда болды, онда әрбір сатып алушы қалтасы  көтеретін автокөлікті таңдай алады. Әзірше клиенттер автокөлікті ресімдеуді немесе автокредиттің мақұлдануын күтуде. Олар автоорталықтың ғимаратында орналасқан жайлы кофеханада немесе мейрамханада уақыт өткізе алады.

Клиенттер автоорталықта болған аз ғана уақытында Mycar.kz экожүйесінің заңды және техникалық тексеруден өткен ескі көлікті сату немесе сатып алу; жаңа көлік сатып алу, автокөлік алуға несие ресімдеу, автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу және сақтандыру шарттарын жасау сияқты барлық қызметін пайдалана алады.

Mycar.kz - автомобиль нарығын жаңа деңгейге көтеретін қазақстандық бірегей бренд, ал Mycar Almaty офлайн алаңы экожүйенің барлық мүмкіндігін, сауда орталығының атмосферасы мен қауіпсіз автокөлік сатып алудың артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.03   490.7   5.38 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети