30 сәуір 2019 13:40

Алматыда тағы екі бағыттың автобустары жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы составты жаңарту жалғасуда және қаланың бағыттар желісі ұлғайып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №31, №81 бағыттарын жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

№2 автобус паркі видеобақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған Yutong маркалы төмен еденді көліктермен толықты.

№31 бағыт бойынша "Қазақфильм" ықшам ауданы мен "Барлық" базарының арасына жылжымалы составтың 17 бірлігі қатынайды. №81 бағытта Қожабеков көшесінен 71 разъезге дейін 14 автобус жүретін болады. Бағыттардағы көлік қозғалысын 100 пайыз қамту барысында бұлардағы жолаушы ағыны екі есе артады деп күтіледі. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қолма-қол төлемсіз жүйе мен субсидиялауды енгізу барысында нарықтық механизмнің қалыптасқанын, осының арқасында тасымалдаушылардың жылжымалы составты жаңартуға қолжеткізгенін атап өтті. Қалада автобустарды жаңарту жұмысы одан әрі жалғасады. Жыл басынан бері қарай мегаполис жолдарына 125 жаңа автобустар шықты. Биылғы жылы тағы 430-дан астам жаңа автобус алу жоспарланған, оның ішінде газбен жүретін төмен еденді 200 автобус.

Соңғы екі жыл ішінде қаланың автобус паркі 80 пайыздан аса жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жүзеге асты, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, LRT жобасы қолға алынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети