28 наурыз 2014 20:23

Алматылық жүргізушілерге әуежайда "Рөлде мүгедек" деген жапсырмалар табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол қауіпсіздігі ассоциациясының директоры Арсен Шакуов "Рөлде мүгедек" деген жапсырма жапсыруда Жол қауіпсіздігі ассоциациясының директоры Арсен Шакуов "Рөлде мүгедек" деген жапсырма жапсыруда

Алматы әуежайында мүгедектердің көлігі қойылатын орындарға жайғасқан машиналарға "Рөлде мүгедек" деген жапсырмалар жапсырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жол қауіпсіздігі ассоциациясының директоры Арсен Шакуовтың айтуынша, бұған дейін такси қызметінің жүргізушілері көліктің көптігінен машиналарын қоятын ыңғайлы орын таба алмайтындықтарын айтқан еді. 

Қоғамдық қызметкерлер шын мәнінде арнайы орындарға мүмкіндігі шектеулі жандар көлігін қоя ма, осыны тексеруге шықты. "Біз мүгедек адам көлігін арнайы орынға қойып жатса, ешқандай әрекет жасамаймыз. Егер машинасын қоюшы мүгедек болмаса, оларға бұл орынға мүгедектер ғана көліктерін қоюға болатынын ескертеміз. Егер ескертуімізге құлақ аспаса, көліктеріне "Рөлде мүгедек" деген жапсырма жапсырамыз. Шын мәнінде мүгедек болса, жапсырмамен жүрсін", - дейді Шакуов. "Егер көлік жүргізушісі мүгедек болса, ол жол полициясына барып тіркелуі керек. Әзірге осы мәселе заңда қарастырылмаған" дейді ол.

Акция барысында "Рөлде мүгедек" деген жапсырма алған жүргізушілердің бірі таныстарының чемодандарын тиеу үшін тоқтаған екен. Ол өзін екінші топтағы мүгедек деп таныстырды. Қоғамдық қызметкерлер келгенге дейін де көлік тұрағында жапсырмалары бар көліктер тұрған. Алайда олар көліктеріндегі жапсырмаларға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген. Шакуовтың айтуынша, көптеген жүргізушілер қоғамдық қызметкерлердің мүгедектер көлігінің тұрағына машина қоюға болмайды деген ескертулерін дұрыс қабылдап, көліктерін тұрақтан алып кеткен.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети