Алматылық жүргізушілерге көлік түтіні үшін айыппұл салынып жатыр

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық жүргізушілерге көлік түтіні үшін айыппұл салынып жатыр Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда бір күнде 39 жүргізушіге көлік түтіні үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір күнде 39 жүргізушіге көлік түтіні үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық экология департаментінің қызметкерлері 19-21 тамыз аралығында "Таза ауа" рейдін жүргізіп жатыр. Экологиялық инспекторлар жүргізушілерді тоқтатып, көліктерді тексерген.

"Рейдтің бірінші күні Алматы қаласы бойынша жалпы 117 көлік тоқтатылды, 39 автомобиль иесіне көлік түтіні үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Рейд жалғасып жатыр. Экологиялық инспекторлар жүргізушілер арасында экологиялық заңның нормасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети