05 шілде 2019 | 09:12

Армения, Қырғызстан және Ресейден әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге алу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Армения, Қырғызстан және Ресейдің көліктерін бақылауға алып, уақытша тіркеуге алуды ұсынды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Армения, Қырғызстан және Ресейдің көліктерін бақылауға алып, уақытша тіркеуге алуды ұсынды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бас полицейдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің нөмірін таққан көлік жүргізушілері тәртіп бұзып жатыр. Ал полиция тәртіп бұзғандарға шара қолдануға дәрменсіз екен.

Бірақ, телеарнадағылардың мәліметінше, шетелдік көліктерді тізгіндеген жүргізушілердің айтар өз уәжі бар. Еуразиялық экономикалық одақтың көлік тасымалына берілген жеңілдіктері әсіресе қазақстандық жүргізушілерге тиімді болды. Соңғы жылдары жұрт Ресей, Қырғызстан, Арменияға ағылып арзан көліктерді сатып ала бастады. Дегенмен, көшелерде толып жүрген шетелдік нөмірлі темір тұлпарлардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін.

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген көліктер жылдамдықты асырып, ойына келгендерін істеп, жазасыз қалады. Сондықтан оларды Қазақстанда тіркеп, бақылауға алу қажет. Ал жүк, жолаушы тасымалымен айналысатын шетелдік көліктер құзырлы органдарға тіркеліп, салық төлеуі тиіс. Транзитт нөмірлермен жүргендер және туристер де 10 күннен кейін уақытша тіркелуі қажет", - деді ішкі істер министрі.

Ал сарапшылар табысы төмен халық амалдың жоқтығынан көрші елдерден көлік іздейтінін айтады. 

"Армениялық, ресейлік және қырғыз көліктерінің қозғалысына шектеу қою Одақ аясындағы келісімдерді бұзу деген сөз. Сол себепті кеден бақылауына өткен шетелдік көліктерді полиция базасына түсетін кедендік тіркеуге алу ыңғайлы. Есесіне, елімізде жүрген шетелдік номерлі көліктер туралы мәлімет болады. Жол ережесін бұзған жағдайда, сол жүргізушіні оңай тауып, жазаға тарта аласыз. Бұл әлемдік тәжірибе", - дейді  Тәуелсіз көлік жүргізушілері одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети