15 қаңтар 2020 | 18:05

Армян және қырғыз көліктері үшін шектеуді "уақытша кампания" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков Қазақстанда армян және қырғыз көліктеріне қатысты шектеулерге пікір білдірді. ҚР ІІМ өкілдері азаматтарға автокөліктерін қайта тіркеп, жергілікті есепке қоюға шақырды. Олай болмаған жағдайда ел аумағында бір жылдан аса жүрген көліктер тәркіленіп, айыптұрағына қойылады. Маман мұның "уақытша кампания" болуы мүмкін екенін боложайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Тәуелсіз автомобиль одағының (ТАО) төрағасы Эдуард Эдоков Қазақстанда армян және қырғыз көліктеріне қатысты шектеулерге пікір білдірді. ҚР ІІМ өкілдері азаматтарға автокөліктерін қайта тіркеп, жергілікті есепке қоюға шақырды. Олай болмаған жағдайда ел аумағында бір жылдан аса жүрген көліктер тәркіленіп, айыптұрағына қойылады. Маман мұның "уақытша кампания" болуы мүмкін екенін боложайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР-да 2020 жылы қаңтардағы жағдай бойынша 3,5 миллионға жуық автокөлік тіркелген. Оның 170 мыңы - шетелдік нөмірлермен жүр. Эдоковтың пікірінше, ІІМ-нің шектеулері Қазақстанның авто нарығына әсер етпейді екен. 

"Шетелдік нөмірлері бар автокөліктер үлесі бес пайызға да жетпейді. Сондықтан мен осы шектеулерге байланысты автонарыққа қандай да бір әсер береді деп айта алмаймын. Соңғы 10 жылда қырғыз автокөліктерімен болған бұл жағдай бірнеше рет қайталанды: 2008-2009 жылдардан бастап, әр түрлі заңсыз жолдармен рулі оң жағындағы көліктер келе бастады. Ол кезде біздің азаматтарымызды түсінуге де кешіруге де болады. Бірақ қазір олар бұған саналы түрде барып жатыр, себебі Қазақстанға шетелден жеткізілген автокөліктің бағасы 1,5-2 есе төмен", - дейді сарапшы.

Эдоков Қазақстан ІІМ-нің жаңа шектеулері шетелдік автомобильдермен күресте "уақытша кампания" болуы мүмкін деп болжап отыр. Ол қазақстандық полицейлердің жылсайын қырғыз көліктерімен күресіп келе жатқанын атап өтті.

"Бірақ содан кейін бәрі дұрысталады. Барлығы тынышталады, ал қырғыз көліктері тағы да ел бойынша жүреді. Бұл жолы да солай қала беретін сияқты. Бірақ ІІМ-ге шектеулер енгізді, оған шетелдік көліктермен болған ЖКО статистикасы артуы мүмкін. Немесе мұндай көліктерге салынатын айыппұлдар жиілеген, немесе резонанстық апаттар боған. Мүмкін, бұл автоматты бейнетіркеу жүйесі автокөлік иесін анық сәйкестендіруі үшін айыппұл салу үшін жасалып жатқан шығар. Болмаса полицейлер шынымен жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды жөнге келтіруге кірісті", - деді Эдуард Эдоков.

Сарапшы осы жағдайдан шығудың үш нұсқасын айтты. Бірінші жағдайда ол қазақстандықтарға шетелдік көліктерін ел аумағынан шығарып, сатып жіберуге кеңес берді. Басқа нұсқа: барлық қажетті баждар мен салықтарды төлеу және Қазақстан аумағынанда емін-еркін қозғалу. 

Ресейлік нөмірмен жүрген автокөліктерге шектеу жоқ - ІІМ

"Тағы бір нұсқа бар: автокөлікті қосалқы бөлшек ретінде сатуға болады. Бұл нұсқа көліктің толық құнын өтеуі мүмкін. Қазақстандық автокөлік нарығы соңғы жылдары ескіргенін ескеру керек: жаңа көліктер аз жеткізіледі, біз өз сорпамызда өзіміз қайнап жатырмыз. Сондықтан қосалқы бөлшектерге деген қажеттілік өте жоғары және бұл тұрақты нарық. Бәлкім сіз оны жылдам сатып жібере алмайтын шығарсыз, бірақ осы автокөлікке жұмсалған барлық соманы қайтара аласыз", - деді маман.


© Тұрар Қазанғапов

Осыған дейін Қазақстанда бір жылдан аса жүрген армян және қырғыз автокөліктері заңсыз болатыны айтылды. Таяуда полицейлер елден "бөтен" нөмірлері бар көліктерді ел аумағынан шығара бастайды. Осыған байланысты ІІМ өкілдері қазақстандықтарға өзге елде есепте тұрған автокөлікті тіркеуге шақырды.

Ведомство мәліметінше, елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік жеткізілген. 2019 жылы мұндай көліктер Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін 90 мың рет бұзған. Айыппұл сомасы 1,1 миллиард теңгеден асқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети