Астанадағы автокөлік салондарының бірінде көлік сатуға тыйым салынды, оған сауда орнында Ресейде шығарылған автокөліктердің тиісті құжаттарсыз сатылуы себеп болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Астана қалалық департаменті мамандары көлік сататын серіктестікке жоспардан тыс тексеріс жүргізген кезде Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің бұзылғаны анықталды. "Астанадағы "Көрме" көрме орталығының сауда алаңын жалға алған "Медина-2008" ЖШС-іне тексеріс барысында Ресейде өндірілген, сомасы 68,5 миллион теңге болатын Lifan, Renault, Chevrolet маркалы және басқа да автомобильдердің көлік құралы типін мақұлдау туралы құжаттарсыз сатылу фактісі анықталды", - делінген хабарламада.
Мамандардың түсіндіруінше, айналымға тиісті құжаттары жоқ автокөлік құралдарын шығару 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген № 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентін бұзу болып саналады. Тексеріс нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 415-бабына сәйкес, "Медина" ЖШС-нің автокөлік құралдарын сатуы тоқтатылды, заңды тұлға жауапқа тартылатын болады.