25 қыркүйек 2015 | 17:35

"Астана" - "Галатасарай" матчы кезінде елордада көлік қозғалысына шектеу қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана" - "Галатасарай" матчы кезінде елордада көлік қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Астана" - "Галатасарай" матчы кезінде елордада көлік қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте, сағат 22.00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасы аясында "Астана" мен "Галатасарай" кездесуі басталады.

"30 қыркүйек күні сағат кешкі 19.00-ден бастап футбол аяқталғанша елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтқанда, Қабанбай батыр жəне Тұран көшелерінде Керей-Жəнібек хандар көшесінен бастап Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі жер жабық болады. Яғни, жекеменшік көліктер мен таксилер осы аумақта жүре алмайды. Сондықтан, қала тұрғындарының "Астана-Арена" стадионына Орынбор көшесінің бойымен барғандары жөн", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Футбол матчының жанкүйерлері "Астана Арена" стадионына дейін № 10, 12, 27, 40, 43, 51 қоғамдық көліктерімен келе алады. Сонымен қатар, футбол жанкүйерлері үшін алты жерден: "Хазрет Султан" мешітінен, "Қазақстан" СК, Мұңайтпасов атындағы стадионнан, "Жастар" театрынан, "Нұр Астана" мешіті мен Елордалық цирк алдынан арнайы рейстер қатынайды. Арнайы рейстерде жүру құны үлкендер үшін - 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін - 40 теңге. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети