30 мамыр 2016 15:20

Астанада 24 жастағы жігіт ерекше күймелер жасайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Астананың 24 жастағы тұрғыны Әнуар Шаймергенов бірнеше жылдан бері өзінің көлікжайында түрлі күйме жинап келеді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол күймеге туристерді қыдырту үшін кәсіпкерлердің көп тапсырыс беретінін айтты. 


Астананың 24 жастағы тұрғыны Әнуар Шаймергенов бірнеше жылдан бері өзінің көлікжайында түрлі күйме жинап келеді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол күймеге туристерді қыдырту үшін кәсіпкерлердің көп тапсырыс беретінін айтты. 

Жас жігіт өзінің алғашқы күймесін 2012 жылы жинаған екен, ал қазір оның көлікжайында осындай тоғыз күйме жасалыпты. "Алғашқысын жанұямызбен бірге жасадық. Қазір өзім үйреніп алдым. Ол кезде қандай да бір кәсіп бастау керек болды. Интернеттен адамдардың күйме жасайтынын көрдім. Ал Астанада ат ұстайтын таныстарымыз бар. Сондықтан да осы іспен айналысып көргіміз келді. Үйлену тойында лимузиндер жалдап жатады ғой, сондықтан күймелерге де сұраныс болады деп ойладық. Күймені қалай жасайтыны туралы видеолар қарап жүрдім, дегенмен онда түсініксіздеу болды. Кейін барлығын өзім жасауыма тура келді. Қателіктер болды, бірнеше рет қайта жасадым, бірақ соңында ыңғайлы нұсқаны таптық", - деді ол.

Бір күймені дайындау үшін Әнуар екі ай уақыт жұмсайды екен. Ол көбіне ағаш пен металл пайдаланытынын айтты. Мұндай күйме шамамен үш миллион теңгеге сатылады. Оның айтуынша, туындыны Алматы, Балқаш, Қарағанды, Шымкент кәсіпкерлері сатып алыпты. Бір күйме Ресейге де әкетілген екен.

Қазір жас жігіт "король күймесін" жасауды жоспарлап отыр. "Бұл үлкен жоба болғалы отыр, оны сатпауым да мүмкін. Оған көп уақытымды бөлемін, алтын түстес болғанын қалаймын", - деді шебер.


Фото с сайта nuar.kz


© Vk.com

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети