Көлік таңдау - қиын, бірақ жанымызға жағымды екені жасырын емес. Иә не жоқ деп жүздеген аргументті талдау керек, достарымыз бен туыстарымыздың ондаған кеңесіне құлақ түріп, желідегі гигабайт ақпаратты оқу керек. Tengrinews.kz Қазақстандағы танымал Chevrolet автокөлігін мысал етіп, бес қарапайым кеңес ұсынады. Біз барлық кеңесті ұсынып отырмаған шығармыз, бірақ дәл осы айтылғандар керек көлігіңізді таңдауға көмектесуі әбден мүмкін.
Көлік таңдау - қиын, бірақ жанымызға жағымды екені жасырын емес. Иә не жоқ деп жүздеген аргументті талдау керек, достарымыз бен туыстарымыздың ондаған кеңесіне құлақ түріп, желідегі гигабайт ақпаратты оқу керек. Tengrinews.kz Қазақстандағы танымал Chevrolet автокөлігін мысал етіп, бес қарапайым кеңес ұсынады. Біз барлық кеңесті ұсынып отырмаған шығармыз, бірақ дәл осы айтылғандар керек көлігіңізді таңдауға көмектесуі әбден мүмкін.
Алғаш рет көлік таңдап тұрғанда ең мықты, стилі жоғары, гаджеттер мен мүмкіндіктері көп дегенге оңай қызығып, бәрін бірден алып кетуіңіз мүмкін. Бірақ жыл-бір жарым жыл өткен соң көліктегі 2/3 мүмкіндіктің біреуін де пайдаланбайсыз, ал ақша аз жұмсалған жоқ. Сондықтан көлік бизнесінің сарапшылары өзіңіздің өмір сүру образыңызға, қажеттілігіңіз бен мақсатыңызға сай көлікті таңдау керегін айтады. Қала сыртына жиі шықпайсыз, бірақ жол талғамайтын көлік алсаңыз бәрі өзгереді деп ойлайсыз - қайдам. Жарнамаға эмоцияңызды жаулауға жол бермеңіз! Блокнот алыңыз да, "Жүргізгенде ыңғайлы болуы керек пе?", "Мобильді болуы керек пе?", "Үнемділігі?" деген сұрақтарға жауап беретіндей "Автокөліктен не алғым келеді?" деген тақырыпқа эссе жазып көріңіз. Өзіңізге қайсы керегін түсінген кезде, көліктің қай класы және түрі: седан, толық жол талғамайтын көлік немесе минивэн, хэтчбек керегін білесіз.
Елестетіп көріңізші: сіз автосалонға кіріп, ең әдемі көлікті таңдайсыз, менеджерге қолма-қол ақшаны беріп, кілт аласыз және әсерлене айдап кетесіз...
Жағымды жағдай, бірақ кез келген адам көліктің ақысын бірден төлей алмайды. Мұндай кезде автокөлікті алуға несие беру көмекке келеді - сенімді жол, дегенмен заемшының жауапкершілігін талап етеді. Ұнаған көлікті таңдаған соң өзіңіздің табысыңызбен оның құнын бағалап көріңіз. Тіпті қажетті соманы жинап, несие алмайтын болсаңыз да, көлік құнын шартты түрде 3 жылға бөліп көріңіз. Егер шыққан сомадан қорықпасаңыз және сондай ақша таба алатындай сенімді болсаңыз, онда бәрі дұрыс. Жаңа көлікті алып, рахаттана аласыз. Бірақ бұл сіздің қазіргі табысыңыздан көп болып тұрса және келешекте қандай да бір қиын жағдайлар болып, қиналып қалатын болсаңыз, онда басқа қолжетімді әрі сапалы көлікті таңдаған жөн. Мысалы Chevrolet Cobalt. Оның бағасы 3 990 000 теңге болғанымен, сипаттамасы өте жақсы және күнделікті айдағанға да, алыс жерге отбасымен саяхатқа шыққанға да қолайлы, біреулер үшін бұл қосымша табыс көзі болуы да мүмкін.
Егер сізге көлік толық жабдықталған және қосымша құрылғылары бар болуы керек болса, онда Chevrolet Malibu моделін қарап көріңіз. Бұл бизнес-седанның дизайны көздің жауын алады. Толығырақ сілтемеде.
Белсенді өмір салтын ұстанатындар және алыс жерге жиі шығуды қалайтындар үшін Chevrolet Trailblazer моделін қарастыруды ұсынамыз. Жол талғамайтын көлікпен технологиясы, өнімділігі, дизайны және қауіпсіздігі жағынан тең келеді. Chevrolet Colorado пикап көлігінің базасында жасалған. Оның рамалық конструкциясы, серіппелі артқы аспа, артқы немесе толық жетекті төмендететін жетегі бар. Салонда үш қатар орындық және жеті орын бар. Көлемі 3,6 литр және қуаты 275 а.к. болатын қозғалтқышпен жиынтықталған.
Біз бизнес үшін ең мықты көлік туралы айттық, бірақ тағы ескерте кетейік. Chevrolet Damas сіздің еңбегіңізде сенімді дос болады. Өнімді жеткізу, персоналды тасу, жиі қатынау немесе шұғыл жұмыс - осы және көптеген тапсырманы осы үнемді көлік шеше алады.
Бірнеше жыл бұрын Қостанайда "СарыарқаАвтоПром" зауыты ашылды. Бұл - қазақстандық автокөліктерді шығаратын ірі өндіруші. Зауытта Chevrolet маркалы көліктер де жасалады. Аңызға айналған бренд Қазақстанда Chevrolet көліктерінің көп түрін шығарады. Барлық моделі бірегей компоненттерден жасалады және сапа сертификаттары бар. Бұл теңдессіз сапа мен сенімділікке кепіл бола алады. Сондай-ақ бірегей сервистің барлық мүмкіндігін қолжетімді қылады.
Мәселе, тіпті, танымал болуында емес. Тек өндіруші неғұрлым алпауыт болса, көлік бөлшектерінің түрі мен сервистік қызметі қолжетімді болады. Chevrolet көліктерін алған кезде алғашқы үш жыл бойы (немесе 100 мың шақырым жүргенге дейін) автокөлікке толық қызмет көрсетуге кепілдік беріледі. Білікті мамандар сіздің көлігіңізге қандай жағдайда қай сайман керегін жақсы біледі.
Екінші кеңесте көлікті несиеге алу туралы айттық. Бірақ мемлекеттік жеңілдетілген несие барын білесіз бе?
Жаңа көлік аларда бюджетіңізге салмақ түсірмеу қазіргі жағдайда өзекті болып тұр. Қазақстанда бес жылдан бері жылдық сыйақы мөлшерлемесі 4 пайызбен беретін автокөлік несиесінің жеңілдетілген бағдарламасы бар. Бар-жоғы алатын көлік құнының 10 пайыздан 20 пайызға дейінгі алғашқы жарнасын төлеу жеткілікті. Несиенің жоғары сомасы - 15 миллион теңге, мерзімі - 7 жыл. Бұл шарттар тек Қазақстанда шығарылған көліктерді алу үшін жарамды. Айта кетейік, Chevrolet автокөлігінің барлық моделі бұл шарттарға сай келеді.
Сіз көлік алайын деп жатырсыз ба я болмаса баяғыдан жүргізуші болсаңыз да, жолыңыздағы серігіңізді табу - көңіліңізге жағатын іс. Бұған оптимистік көзқарас, бәрін "иә-жоқ" деп саралап алу керек. Автокөлікті тест-драйвқа алып көріңіз. Сізге ұнаған көлікті айдап жүргендермен танысып көріңіз, ақшаңызды есептеңіз, ата-анаңызбен, күйеуіңіз не келіншегіңізбен, балалар, немерелеріңізбен ақылдасыңыз да, дұрыс таңдау жасаңыз.
Айтпақшы, өз қалаңыздағы Chevrolet дилер орталығына баруды ұмытпаңыз.