03 наурыз 2020 | 17:06

Bek Air әуекомпаниясының үстінен тағы бір арыз түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотына Bek Air әуекомпаниясына қатысты арыз қалдырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотына Bek Air әуекомпаниясына қатысты арыз қалдырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында 2020 жылдың 31 қаңтарында Комитет әуекомпанияға Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берген болатын.

"Алайда 2020 жылдың 20 ақпанында алдын ала сот отырысында істі соттылығы бойынша Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына беру туралы сот ұйғарымы шықты. Бірақ Комитет сот шешімімен келіспейді. 2020 жылдың 21 ақпанында осы ұйғарымға жеке шағым берілді.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерінің тұрақты түсуіне байланысты және соттың талап арызды қарауы мақсатында Комитет мүмкіндігінше қысқа мерзімде Bek Air әуекомпаниясына Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына екінші талап арыз берді. Талап 2020 жылдың 21 ақпанында 360 адамды қорғауға берілген, осы соттың алдын ала сот отырысы 2020 жылдың 30 наурызына тағайындалған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, комитеттегілер күн сайын сатып алынған билеттер үшін ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша 20-дан аса өтініш келіп түсетінін айтады. 

Еске салайық, 4 ақпанда да Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түскені хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети