18 маусым 2015 | 15:52

Bentley компаниясының экс-дизайнері Hyundai-Kia-ға ауысатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Люк Донкервольк. © topgearrussia.ru Люк Донкервольк. © topgearrussia.ru

Bentley-дің бұрынғы бас дизайнері Люк Донкервольк таяуда Hyundai-Kia-ға ауысады. Ол жаңа лауазымында Петер Шрайердің орнын басады, - деп хабарлайды Autonews.ru.


Иконка комментария блок соц сети

Bentley-дің бұрынғы бас дизайнері Люк Донкервольк таяуда Hyundai-Kia-ға ауысады. Ол жаңа лауазымында Петер Шрайердің орнын басады, - деп хабарлайды Autonews.ru.

Шрайердің өз құзыретін Bentley-дің бұрынғы дизайнері Донкерволькке толық тапсыруына екі жылдай уақыт кетуі мүмкін. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ, дегенмен БАҚ мәліметінше, бұл ауыспалы кезеңге қатысты сұрақтың барлығы шешіліп, талқыланды.

Люк Донкервольк Bentley компаниясынан кететінін осы айдың басында хабарлады. Алайда оның неліктен кететіні белгісіз. Оның орнына Штефан Зилафф отырады, ол бұған дейін Volkswagen-де жұмыс істеді. Зилафф Bentley-дегі жұмысына 2015 жылдың 1 шілдесінде кіріседі.

Донкервольк бұған дейін Lamborghini мен Seat-те жұмыс істеді. Ол 1992 жылы Volkswagen-ге ауысты және Audi модельдерінің дизайнын жетілдірумен айналысты. Ал Шрайерге қатысты айтатын болсақ, ол да неміс компаниясында жұмыс істеген және ол Audi TT келбетін жасаушы ретінде танымал. Ол 2013 жылы Kia мен Hyundai маркаларының дизайн басшылығын қолға алды. Шрайер 2017 жылы зейнетке шығуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат құралдары Bentley компаниясының Bentayga деген атаумен бірінші кроссоверін сынақтан өткізуді аяқтайтынын жарыса жазды. Фототыңшылар оны Еуропаның жолдарында өткен финалдық тестілеу кезінде камуфляжсыз түсіріп алды. Жаңа көліктің суреттерін мына жерден көруге болады.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети