Бұдырлы шиналар ауаның ластануына ықпал етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұдырлы шиналар ауаның ластануына ықпал етеді ©Тұрар Қазанғапов

Бұдырлы шиналар үлкен қалаларда ауаның ластану деңгейіне ықпал етеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұдырлы шиналар үлкен қалаларда ауаның ластану деңгейіне ықпал етеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Бұдырлы шиналардың әсерінен жол жабынынан бөлінетін микробөлшектер, сондай-ақ олардан шыққан шу жол қозғалысы қарқынды қала тұрғындарына жағымсыз әсер етеді", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, көптеген еуропалық ғалым қатты қоспалардың аурулардың асқынуына, сондай-ақ кейбір жағдайларда адамның көз жұмуына әкеледі деген қорытынды жасады. Мамандар микроскопиялық бөлшектер адамның қанына түсіп, тромбтың қалыптасуына немесе жүрек талмасына соқтыруы мүмкін, ал ірілеу бөлшектер респираторлық аурулардың туындауына себеп болады дейді.

Бүгінде Еуропада бұдырлы шиналарға қатаң талаптар қойылып отыр. Батыс заң шығарушылары жолдар үшін де, адамдардың денсаулығы үшін де алаңдайды. Өйткені бұдырлармен көтерілген шаң-тозаң шөгіп қалады. Ал оның мөлшерін азайту үшін көлік жүрісінің бір погондық метрі 50 бұдырдан аспайтын мөлшерде норматив енгізілді. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 2016 жылдан бастап Ресейде де шектеу қойылады. Көлік жүрісінің ұзына бойғы бір метрі 60 бұдырмен шектеледі.

"Бұған қоса, ғалымдар көлікті қауіпсіз басқарудың басқа да талаптарына көңіл аударуға және жылдамдықты асырмауға, бұдырлы шиналарды ауа райына қарай ауыстырып отыруға, сондай-ақ, уақыт өте келе бұдырлы емес сапалы қысқы резеңкеге көшу туралы ойлануға шақырады", - делінген сайтта.

Еске салайық, Кеден одағы аумағында "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техрегламент 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Ол жаз мезгілінде бұдырлы шиналарды қолдануға шектеу енгізуді қарастырады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети