Елімізде автокөлікті енді бір сағат ішінде тіркеуге болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Азаматтарға арналған үкімет" АҚ" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі © Азаматтарға арналған үкімет" АҚ" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі

Мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу мерзімі қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу мерзімі қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге (бұрын 2 сағаттан көп уақыт кететін) мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосты. Уақытты қысқарту мамандандырылған ХҚКО инспекторлары ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті мен ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріне түзету құқығынсыз кіру мүмкіндігін алғаннан кейін мүмкін болып отыр.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтың айтуынша, бұрын көлік иелері 40 минуттан аса уақытын тиісті мамандарда айыппұлдар мен салықтар төлеуге жұмсайтын.

"Жобаны іске қосқанға дейін мамандандырылған ХҚКО-ға келген клиент 3 электрондық кезек талонын алатын. Бірі - айыппұлдарды тексеру үшін әкімшілік полициясы қызметкеріне, екіншісі - салық төлемдерін тексеру үшін салық қызметкеріне, үшіншісі - толық құжаттар топтамасын өткізу үшін - ХҚКО қызметкеріне баратын. Бұл ретте, егер азаматтың төленбеген айыппұлдары мен салықтары бар болса, оны төлеу үшін кассаға бөлек кезекке тұратын. Енді мемлекеттік корпорация қызметкері клиенттің автокөлігіне айыппұлдары немесе салық берешектері бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Егер бар болса, электрондық үкімет порталының төлем шлюзі арқылы картамен төлеуге болады немесе мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан банк кассалары арқылы төлей алады", - дейді ол.

Сонымен қатар, Еренчинов пилоттық жобаны тестілеу кезінде қызмет көрсету уақыты ХҚКО инспекторына құжаттар топтамасының толық тізімін өткізген сәттен бастап емес, ақпараттық-анықтама қызметінің кеңесшісінен талон алған сәттен бастап 1 сағат уақытты құрайтынын қоса айтты.

Көлікті қайта тіркеу мемлекеттік қызметінің мерзімін сақтауды, уақыттың әрбір бұзылуын есепке алатын ситациялық орталықтың мамандары қадағалап отырады. Құжаттар мерзімі бұзылған жағдайда, оның себебін анықтап, алдағы уақытта бұзушылық қа жол бермеу шараларын қабылдайды.

Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай - 11 қаласында жұмыс істейді. Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО-ларда көліктерді қайта тіркеу қызметтерін 435 706 қазақстандық пайдаланыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro