24 қараша 2019 12:20

Илон Маск жаңа пикаптың тұсаукесері сәтсіз өткеніне қарамастан 150 мың тапсырыс келгенін мәлімдеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: twitter.com/elonmusk Сурет: twitter.com/elonmusk

Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 150 мыңға жуық пикап Cybertruck электромобиліне тапсырыс келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 150 мыңға жуық пикап Cybertruck электромобиліне тапсырыс келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда 146 мың тапсырыс болды, адамдардың 42 пайызы екі моторлы, 41 пайызы үш және 17 пайызы бір моторлы көлікті таңдады. Қандай да бір жарнама және ақылы іс-шаралар жүргізілген жоқ", - деп жазды Маск Twitter желісіндегі парақшасында.

Пикап Cybertruck тұсаукесері 22 қарашада түнде болған. Оның дизайны ғылыми-фантастикалық "Бегущий по лезвию" фильмінің үлгісі бойынша жасалды. Ең арзан cybertrack моделі 39 990 доллар тұрады, ал 500 шақырым жүре алатын көлік - 49 990 долларға және үш электромоторы бар 800 шақырымдығы - 69 990 доллардан сатылады. 

Айта кетелік, Маск автомобилін таныстыру кезінде жаңа жүк көлігінен оқ өтпейтінін айтты. Оның есіктері SpaceX ғарыш зымырандарына қолданылған қорытпадан жасалған. Алайда жаңа Tesla-ның әйнегі металл шарды лақтырған кезде шыдай алмай, шытынап кетті. Бірақ салонға кірмеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети