Илон Маск Лос-Анджелесте жерасты тоннелін ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск Лос-Анджелесте жерасты тоннелін ашты © Digitalspoiler

Америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Лос-Анджелестегі алғашқы жерасты тоннелінің таныстырылымы мен ашылу салтанатын өткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Лос-Анджелестегі алғашқы жерасты тоннелінің таныстырылымы мен ашылу салтанатын өткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тоннель таныстырылымы Маск құрылтайшысы болған The Boring Company компаниясының ресми сайтында тікелей эфирден көрсетілді. Осыған дейін тоннельдің 10 желтоқсанда іске қосылатынын айтылған еді, алайда жобаның іске қосылу мерзімі кейінге қалған болатын. 

"Маск таныстырылым кезінде, тоннельмен жылдам қозғалу үшін қосымша дөңгелектер жасалатынын айтты. Олар қажет болған уақытта шығып, керек емес кезінде қайта кіреді. Демонстрация кезінде Tesla маркалы автокөліктер көрсетілді. 

Илон Маск Twitter желісіндегі парақшасында мұндай дөңгелектердің Tesla көліктері үшін ғана емес, басқа да электр қуатымен жүретн автомобильдерде пайда болуы мүмкін екенін айтты. 

"Сағатына 240 шақырыммен жүруге болады. Мұндай жылдамдықпен, қала ішінде телопортация жасағандай боласың... Барлық тоннельдерде жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған автокөліктер қатынайтын болады", - деп жазды Маск. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети